Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Міржақып Дулатов «Ешкімге жауыздық қылма»
Сабақ тақырыбы: Міржақып Дулатов «Ешкімге жауыздық қылма»
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке тәрбиелеу. Әлсізге көмек көрсетуге, жанашыр болуға, озбырлық, қиянат, жауыздық сияқты қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Ойлауға, есте сақтауға, топтаса жұмыс жасауға, еркін ойларын байланыстырып айта білуге дағдыландыру.
Білімділік мақсаты: М. Дулатов туралы түсінік беру. Ізденіске жетелеу. Әңгімені түсініп оқу және тәрбиелік тәлім беру.
Әдісі:
Түрі:
Көрнекілігі: сюжетті суретті, М. Дулатов суреті, тірек схемалар. Венн диаграммасы, кестелер, мақалдар.
Мазмұны: I. Ұйымдастыру сәті.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
(Үй тапсырмасын I, II, III - топқа бөлу)

I - топ. А. Байтұрсынов кім? (туған жылы, қай облыста туған, еңбектері, неге
тәрбиелейді)
II - топ. «Ата насихаты» мәтінін сахналау (Кейіпкерлерді сомдау). Негізгі ойды анықтау.
III - топ. Мақал мағынасын ашу
«Бірлігі жоқ ел – тозады
Бірлігі күшті ел – озады»
«Тіршіліктің күші – бірлікте»

III. Жаңа сабақ.
а) Сюжетті суреттермен жұмыс.
Адамның табиғатқа қиянаты
Адамның адамға қиянаты
1. Суретте не бейнеленген?
2. Ол не істеп жатыр?
3. Оның ісіне қарап қандай ойда отырсаңдар?
(Оқушының ойын тыңдау. Пікір айтқызу.)
- Балалар, бүгінгі оқығалы отырған мәтініміздің негізгі ойы, осындай адам бойындағы жаман, жат қылықтар туралы.
ә) М. Дулатов - жастарды оқуға, өнерге, ғылымға шақырған; Торғай обл.,«Сарыарқа» мекені; 1885 - 1935 жж.; ұстаз; ақын; жазушы; Адам бойындағы жақсы, жаман қылықтарды анық, айқын суреттей білген; жазықсыз жазаға ұшырады.
б) Мәтін «Ешкімге жауыздық қылма» деп аталады. Бұл оқиға бай мен кедей адамның арасында өрбиді. «Бай» деген кім? «Кедей ше?» Салыстыру.
● Бай
1. Сараң
2. Озбыр
3. Дүние - мүлкі көп
4. Уайымы жоқ
5. Қызғаншақ
● Кедей
1. Жарлы
2. Дүние - мүлкі жоқ
3. Жалданып күн көреді.
● Ұқсастығы – Тірі табиғат
1. Кедейлер еңбек етпеді ме? 2. Олардың тұрмысы неге ауыр болады?
- Еңбек етті. Бірақ байлар оларды қанады, жақсы тұрмыс құруға мүмкіндік бермеді.
в) Мәтін мазмұнын қысқаша баяндау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама