Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сын есім
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сын есім, оның негізгі және туынды түрлері туралы алған білімдерін қайталау, кеңейту. Сатылай кешенді талдау арқылы сын есімнің тұлғасына, құрылысына, мағыналық түрлеріне қарай талдай білуге үйрету.
Дамытушылық: Сын есімдерді сөйлеу, жазу кезінде стильдік тұрғыда орнымен қолдана білу дағдыларын әрі қарай дамыту.
Тәрбиелік: Халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, мәнерлі, жүйелі сөйлеуге баулу.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, талдау, жаттығу.
Көрнекілік: тапсырмаға берілетін сөздер.
Қолданылатын технология: СКОТ

І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткенді пысықтау
- Етістік дегеніміз не?
- Етістіктің жіктелуі деген не? Неше жақта жіктеледі?
- Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесіңдер? Етістіктің неше шағы болады?
Тақтаға төмендегідей сөйлемдер жазылған плакат ілінеді. Сөйлем ішінен етістіктерді тауып, қай жақта, қай шақта тұрғанын айтады.
Демалыста әжеме барамын. Сен досыңды шығарып салдың. Марат оқуды бітірді.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Сын есім дегеніміз не?
- Құрамына қарай сын есімдер нешеге бөлінеді? (негізгі және туынды)
- Сын есім қандай сөз табымен тығыз байланыста болады?
Терме диктанттан сын есімдерді теріп жазады. «Сары ала» сөзіне ауызша морфологиялық талдау жасайды.
Сары ала
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: сары және ала.
2. Тұлғасына қарай – сары ала – туынды түбір. Себебі, аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің тіркесуінен жасалған туынды сөз.
3. Құрылысына қарай – күрделі, тіркесті сөз. Себебі, ритм - ырғағы жағынан бір ұдай, лексика – семантикалық жағынан біртұтас, лексика - грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып тіркесіп тұрақталған құрама сөз.
4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы – заттың, нәрсенің сапалық қасиетін білдіріп тұр.
6. 1. Бірінші грамматикалық мағынасы - лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – сын есім.
6. 2. Екінші грамматикалық мағынасы – екі түбірдің тіркесуі арқылы берілген категориялық грамматикалық мағына – түсін анықтау мағынасы.

7. Сары ала – қандай? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл - сын есім. Сын есім дегеніміз – қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз ұғымдардың сынын, сапасын, көлемін, мөлшерін, т. б. қасиеттерін білдіретін сөз табы.
8. Мағынасына қарай – сапалық сын есім. Себебі, заттың, нәрсенің сапалық қасиетін сын есімдердің тіркесуі арқылы білдіріп тұр.

ІV. Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу.
Көп нүктенің орнына сұраққа жауап болатын сын есім қойып, мақалдарды толықтырып жазады. Мақалдардың мазмұнын түсіндіреді. Мағынасы қарама - қарсы сын есімдерді атайды. (Антонимнің ережесін айтқызу) «Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар» сөйлеміне жазбаша синтаксистік талдау жасайды.
Синтаксистік талдау.
Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар.
1. 1. Сөйлемде екі тыныс белгі бар. Олар нүкте және үтір.
а) Нүктенің қойылу себебі, ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр.
ә) Үтірдің қойылу себебі, сөйлем екі сөйлемнен құралғандықтан бірінші жай сөйлемнен кейін үтір қойылып тұр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама