Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Міржақып Дулатовтың ақындығы «Оян, қазақ»
Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатовтың ақындығы «Оян, қазақ»
Сабақтың мақсаты: М. Дулатовтың «Оян, қазақ» жинағы туралы; өлеңдерінің тақырыптары мен мазмұнын әңгімелеу; идеялық ерекшеліктерін таныту; ақын лирикасын талдай, түсіне білуге үйрету; оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: 1. М. Дулатов. Өлеңдер жинағы
2. М. Дулатов өлеңдері жазылған парақшалар.
3. Стол визиткалары.

Сабақтың әдісі:
1. Көрнекілік
2. Сәйкестік
3. СТО стратегиялары: «ЖИГСО - 1»; «Ой қозғау»; «Топтастыру»
4. Тез жаттату
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ өту
Ұйымдастыру түрі: Топтық және жалпы сыныптық

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды 5 топқа бөліп отырғызу.

ІІ. Жаңа сабақ өту. Ой қозғау стратегиясы бойынша сұрақтар қою.
1. М. Дулатов өлеңдерінен не білеміз?
2. Төменгі сыныптарда қандай өлеңдерімен таныстық?(«Жастарға», « Жас қазақтарға»)
3. «Оян, қазақ!» деген тіркес сендерге қандай ой салады?
Әңгімелеу:
«Оян, қазақ» жинағы – 1909 жылы Уфада – 1 - рет;
1911 жылы Орынборда 2 - рет басылған. Сол үшін 1911 ж маусым айында ұсталу, 19 ай түрмеде отыру.
Кейінгі жинақтары «Терме» 1913 ж; «Азамат» 1915 ж шыққан.
«Оян, қазақ» қалай сотталды?»; «Оян, қазақ» губернаторлардың ұйқысын бұзған» мақалалары туралы айтып, «Тұтқындалған «Оян, қазақ» Алматыда» көрнекілігімен таныстыру.
Оқулықта берілген өлеңдерді талдау үшін ЖИГСО - 1 стратегиясы бойынша оқушыларды 5 топқа бөліп, өлең мәтіндерін тарату.
А столына – «Қазақ жерлері»
Б столына – «Шағым»
В столына – «Таршылық хәліміз хақында»
Г столына – «Қайда едің?»
Д столына – «Насихат - ғумумия»
Топтарға ортақ тапсырма және дайындалуға уақыт беріледі:
1. Өлеңді оқып, танысу.
2. Тақырыбын ашу.
3. Идеялық мазмұнын айту.
4. Сөздікпен жұмыс.
5. Қорыту.

Әр топ өз тапсырмалары бойынша сөйлеп, тақырыпты түсіндіреді.
Топтастыру стратегиясы бойынша балалар М. Дулатов өлеңдерінің мектеп оқулығында берілген тақырыптарын топтастырады. Сонда төмендегідей тақырыптар ашылуы керек:
Халықтың әлеуметтік жағдайы;
Отарлау саясатын әшкерелеу;
Ел басқарар азаматтарды аңсау;
Оқу - білім іздеуге үндеу;
Ел үшін күреске шақыру.

Мұғалім әңгімесі:
И. Жақановтың «Кез болған соң кер заман біздің баққа» мақаласын пайдалана отырып, «Алашқа», «Алаш маршы» өлеңдері туралы әңгімелеп, М. Дулатовтың сазгер екенін таныту, ән нотасын көрсету. «Айырылғанда», «Сүйген жарға», «Қанат талды» сияқты да әндері барын, Ж.Аймауытовтың «Алаш ұраны» өлеңіне саз шығарған шығармашылық байланыстары туралы хабардар ету. Бұл – Міржақыптың 2 - маршы.

ІІІ. Бекіту бөлімі
«Тез жаттату» әдісі арқылы «Оян, қазақ»шумағын жаттату:

Көзіңді аш,......,... басты,
... қараңғыда бекер....
Жер..., дін..., хал......,
..., енді жату...-....

ІУ. Үйге тапсырма беру
Міржақып ақындығы. Хрестоматиядан қалаған өлеңін жаттау.
У. Бағалау. Топтық жұмыс кезіндегі белсенділігі бойынша және қорытынды бөлім бойынша бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама