Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Сабақтың мақсаты: оқушыларда Windows ОЖ - ның пайдаланушы интерфейсі туралы түсінік қалыптастыру, Windows терезесі құрылымдық элементтерімен, қызметімен таныстыру, терезелер түрлерін баптауды үйрету.
Білімділік: Жұмыс үстелі, тапсырмалар тақтасы, тапсырмалар тақтасының таңбалары, бас меню, Windows ОЖ - ның терезелер құрылымын, қызметін білу.
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интер. тақта, электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыс
5. Сабақты бекіту.
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
• Компьютер қандай программалық жабдықтамасыз жұмыс істей алмайды?
• ОЖ - ның жүктелуі қай кезде орындалады?
• ОЖ - ға мысал келтіріңіздер.
• Компьютерлеріңізге қандай ОЖ орнатылған?
• ОЖ қай кезде жүктеледі?

Жаңа түсініктер: Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда Жұмыс үстелі пайда болады.
Жұмыс үстелі
Жұмыс үстелінің сыртқы түрін тұтынушының өзі жеке таңдайды. Әдетте Жұмыс үстелінде Компьютер, Желі (Сеть), Қоржын (Корзина), Басқару тақтасы (Панель управления) сияқты нысандардың белгішелері, Есептер тақтасы (Панель задач) мен Бастау (Пуск) батырмасы орналасады.
Бастау батырмасын басқаннан кейін программаларды іске қосуға, құжат ашуға, жүйенің баптауын өзгертуге, анықтамалық мәлімет алуға, қажетті файлды табуға және т. б. мүмкіндіктер беретін Windows - тың Бас мәзірі (Главное меню) ашылады.
Бас мәзір екі – сол және оң жақ бөліктен тұрады.
Сол жақ бөлігінде жақында жұмыс жасайтын программалар тізімі орналасады. Тізімнен төмен 2 бұйрық көрсетіледі:
Барлық программалар (Все программы) – компьютерде орнатылған программалардың тізімін шығарып, оларды орындауға мүмкіндік береді.
Іздеу терезесі (Окно поиска) – файлдарды, бумаларды немесе пошталық хабарламаларды іздеуге мүмкіндік береді.
Бас мәзірдің оң жақ бөлігінде Тұтынушы (User), Құжаттар (Документы), Бейне (Изобрежение), Музыка, Компьютер, Басқару тақтасы, Құрылғылар мен принтерлер (Устройства и принтеры), Үнсіз келісім программалары(Программы по умолчанию), Анықтама және қолдау (Справка и поддержка) командалары бар.
Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыс:

Бағалау: Оқушылардың білімдеріне сәйкес бағалаймын.
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Компьютер. Интернеттен компьютер туралы жаңалықтар іздеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама