Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Нар тұлға – Нұр аға
Тақырыбы: «Нар тұлға – Нұр аға!»
Сабақтың мақсаты: Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру; Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі – өнеге ете отырып ел жандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.
Қолданылған әдіс - тәсілдер: Ой - пікір алмасу, миға шабуыл, шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың түрі: Сырттай саяхат, телекөпір.
Көрнекілігі: «Ұлы достықта», «Ел және Елбасы», «Астана - жаңа қала» атты стендтер, Елбасының портреті, ҚР рәміздері, картасы, оқушылар шығармасы.

Сабақтың барысы:
Үнтаспадан «Елім менің» әні естіліп тұрады.
Мұғалім: Балалар Қазақстан Республикасының Ата заңының 3 бөлім 40 бабында Президент туралы былай делінген...
Оқушыларға сұрақтар қойылады (миға шабуыл).
- ҚР - да Президент сайлауы қай жылдан басталды?
- Соңғы сайлау қай жылы өтті?
- ҚР - ның қандай рәміздерін білесің?
Жауаптар алынған соң үйге берілген тапсырмалар бойынша «Менің Президентім» деген тақырыптағы шығармаларынан үзінділер оқиды. (шығармалардың ішінен үздік деп танылған шығармаларды марапаттау).

1 - оқушы: Оқушы шығармасынан үзінді.
Менің Президентім.
Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н. Ә. Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату - тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбішұлына денсаулық тілеймін.

2 - оқушы шығармасынан үзінді:
Менің Президентім.
Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы жиырма жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткерлер, президенттер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері. Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл - ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл - ойына кім басын имес? Мен Президентімізді жақсы көремін және соған ұқсағым келеді. Мұғалім: Шығармада аталғандардан басқа Елбасын қандай адам ретінде танисыңдар?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама