Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Натурал сандарды салыстыру тақырыбына қайталау сабағы
Математика 5 сынып

Тақырыбы: Натурал сандарды салыстыру тақырыбына қайталау сабағы
Мақсат:
Жаңа білім: Оқушылар көптаңбалы натурал сандарды салыстырудың тәсілдерімен танысады, координаталық сәулені қолданануды, қос теңсіздікті координаталық сәуледе кескіндеуді үйренеді.
Жаңа түсінік: Көптаңбалы натурал сандарды салыстырып таңбаларын дұрыс қолданады және оқиды, сонымен бірге сандарды координаталық сәуледе салыстырады.
Қолданым әрекеті: Егер бір натурал сан екі санмен салыстырса, қос теңсіздік түрінде оқып, жазып үйренеді.
Шығармашылық әрекет: Натурал сандарды салыстырудың маңыздылығын түйіндейді.
Тақырып жоспары:
1. Натурал сандарды санауы бойынша салыстыру.
2. Натурал сандарды жазылуы бойынша салыстыру.
3. Натурал сандардың координаталық сәуледе орналасуы бойынша салыстыру.

Натурал сандарды әртүрлі тәсілдермен салыстыруға болады.
I тәсіл. Натурал сандарды санауы бойынша салыстыру.
Анықтама: Екі натурал санды санағанда өсу ретімен алғашқы айтылғаны кіші, ал кейін айтылғаны үлкен болады. Мысал келтіріңдер:

II тәсіл. Натурал сандарды жазылуы бойынша салыстыру.
Анықтама: Екі натурал санның жазылуында қайсысының разряды үлкен болса, сол сан үлкен және қайсысының разряды кіші болса сол сан кіші болады.
Мысалы, 101 > 99, өйткені 101 санның жазылуында үш разряд, ал 99 санның жазылуында екі разряд бар, яғни 101 санның разрядтар саны 99 санның разрядтар санынан көп.

Анықтама: Разрядтары бірдей екі натурал санның қайсысының (солдан оңға қарай) бірдей разрядтағы цифры үлкен болса, сол сан үлкен болады.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама