Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Шығыс Қазақстан
Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Қызылжар елді мекені, №81 орта мектебі
География пәнінің мұғалімі
Ақбергенова Салтанат Асылбаевна

Орта мерзімдік сабақ жоспары география 9 сынып «Шығыс Қазақстан» (4 сағат)
1 – сабақ
Тақырыбы: Шығыс Қазақстан
Мақсаты және күтілетін нәтиже: оқушылар шығыс қазақстанның халқы, табиғат ресурстары және экономикалық - географиялық жағдайы туралы мәліметтер алып білімдерін толықтырады.
Білу: Жер көлемін, орналасқан жер бедерін, негізгі байлықтары, кен орындары және халқының орналасуын, өзен, көлдерін картадан көрсетіп, орналасу ерекшеліктерін анықтай біледі.
Түсіну: Қазақстанға сипаттама беріп, картада орналасу ерекшелігін біліп түсінеді.
Қолдану: Картамен жұмыс жасау арқылы қабілеттерін арттырады.
Талдау: Географиялық орнын, өзен, көлдерін, кен орындарын зерттеп саралайды.
Жинақтау: Негізгі байлықтарын, халқының орналасу ерекшеліктерін сипаттайды.
Бағалау: Оқушыдан сабақ сұрау арқылы бағалайды.

2 – сабақ
Тақырыбы: ШығысҚазақстанның шаруашылық географиясы
Мақсаты және күтілетін нәтиже: Өнеркәсіптер, кен орындары, энергетика және шаруашылық салаларының орналасу ерекшеліктерін салыстыру, сипаттау арқылы білімдерін жетілдіреді
Білу: Шаруашылық маманданған салаларын, су ресурстарының маңызын, пайдалы қазбалардың және металлургия салаларына сипаттама бере алады.
Түсіну: Зерттеушілік - әңгіме негізінде өнеркәсіп мамандануымен ауыл шаруашылығы туралы түсініктерін қалыптастырады.
Қолдану: АКТ арқылы өнеркәсіп орындарымен, шаруашылығы туралы материалдарды жинақтап, картаны қолданады.
Талдау: Өнеркәсіптердің орналасуын саралайды, шаруашылық ерекшеліктерін сипаттап талдайды.
Жинақтау: Өзендердің несімен құнды екендігін анықтайды
Бағалау: Топтық бағалау, топтарға өзін өзі бағалау парағын беріп, формативтік бағадан суммативтік баға шығару.
Үй тапсырмасын беру:

3 – сабақ
Тақырыбы: Қалалары, селолық елді мекендері және экономикалық - экологиялық проблемалары.
Мақсаты және күтілетін нәтиже: Басты қалалары, қалалардың маманданған салалары, өңірге тән экономикалық - экологиялық проблемаларын анықтау барысында білім алушылардың іс - әрекет дарындылығы байқалады.
Білу: Маманданған саланың маңыздылығын, проблемаларын анықтай біледі
Түсіну: Басты кәсіп орындардың, зауыттардың және СЭС, ЖЭС орналасқандығы туралы кесте құру арқылы түсініктері қалыптасады
Қолдану:. Атласты пайдаланып, оқулықтағы берілген өнеркәсіп тораптарының орналасқанын тауып, салаларының, шаруашылық тың қай түріне тиімді қолдану керектігін анықтау.
Талдау: Су қоймаларының жағдайларының адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне әсерін саралап, анықтайды.
Жинақтау: Венн диаграммасы арқылы кәсіпорындардың айырмашылығын ұқсастығын анықтау.
Бағалау: Екі жұлдыз бір тілек. Топтық, өзін - өзі бағалау
Үйге тапсырма: «Семей ядролық палигоны». А, В оқушыларына слайд жасап келу, С оқушысына және сынып оқушыларына реферат жазып келу.

4 - сабақ
Тақырыбы: Сарамандық жұмыс.

Мақсаты және күтілетін нәтиже: Орталық және Шығыс Қазақстан экономикалық аудандарын туралы мәлімет ала отырып, салыстырып сипаттама беру. Шығармашылық қабілеттері дамиды, ауызша сыни көзбен қарауға дағдыланады.
Білу: Экономикалық аудандардың ерекшеліктері арасындағы байланысты түсіндіре біледі.
Түсіну: Өнеркәсіп тораптарына салыстыра отырып сипаттама ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктері туралы түсіне біледі.
Қолдану: Қазақстанның экономикалық аудандарының карталарын пайдаланып, айырмашылықтарына постер жасау арқылы таным қабілеттері қалыптасады.
Талдау: Аудандардың ерекшелігін айқындайтын үш дерек пен үш пікір табу арқылы өз ойларын айқындайды. Сәйкестендіру кестесін толтыру.
Жинақтау: АКТ – ны пайдаланып экономикалық аудандар туралы мәліметтерді жинақтап, кескін картаға белгілеу арқылы өз ойларын жинақтайды
Бағалау: 5 жол өлең арқылы сабақты қорытындылайды.
Формативті бағалау
Үй тапсырмасын беру:

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама