Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Натурал санның бөлінгіштігі. Натурал санның еселігі. Жай және құрама сандар. (қайталауға арналған есептер шығару)
Математика 5 сынып
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Натурал санның бөлінгіштігі. Натурал санның еселігі. Жай және құрама сандар. (қайталауға арналған есептер шығару)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Натурал санның бөлінгіштігі мен еселігінің ережелерін пайдаланып, есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру.
2. Дамытушылығы: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелігі: достық қарым - қатынасқа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: тақырыптық сабақты бекіту
Оқытудың әдісі: практикалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, плакат, карточкалар, АКТ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) шаттық шеңберін құру

2. Үй тапсырмасын тексеру: № 148, № 154
2 - а. Бағалау парағымен таныстыру.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, білім теңіз сияқты тұңғиық, жұмбағы көп. Түбіне жетіп зерттеу үшін көп еңбек қажет, теңіз түбіндегі асыл тастар алу, теру көп тер төгуді қажет етсе, білім де дәл солай. Ендігі бүгінгі сабақта сендердің әрқайсысына тек қана сәттілік тілеймін. Сондықтан тек қана алға!

3. Бүгін күн суытып аспанды бұлт шалып тұр.
А) Сендерге тапсырма «Ережелер бұлты» деп аталады.
Б) Сандардың барлық бөлгіштерін атаңдар?
В) 7, 12, 31, 26, 1 сандарын топтарға бөліңдер?

4. Құрылысшыларға көмек
Жүк машинасы кірпіш әкелді. Жүк машинасындағы қандай сан - кірпіштер? Сан - кірпіштерден басқа сандарды құрастырамыз.

Математика пәнінің мұғалімі: Алақаева А. С.

Натурал санның бөлінгіштігі. Натурал санның еселігі. Жай және құрама сандар. (қайталауға арналған есептер шығару). жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама