Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақ тілінен мемлекеттік емтихан билеттері (9 - сынып орыс сыныптарында)
Қазақ тілінен мемлекеттік емтихан билеттері (9 - сынып орыс сыныптарында)
№1
1. Отбасы дәстүрі туралы әңгімеле (мақал - мәтелдер).
2. Фонетика. Дыбыстар классификациясы.
3. Отбасы, дәстүр, шаңырақ сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.

№2
1. Ақ бата - қасиетті тұмар(батаның мақсаты, түрлері).
2. Тұрақты тіркестер.
3. Келесі тұрақты тіркестердің баламасын табыңдар:
ит өлген жер -...
қырғиқабақ болу -...
ешкімнің ала жібін аттамау -...

№3
1. Бала тәрбиесіндегі қағидалар.
2. Үндестік заңы.
3. Туынды сөздерді тауып, сөйлем құрастырыңдар: тәрбиеші, ұстаз, тәртіпті, шаңырақ, ұрпақ, қамқоршы.

№4
1. Киелі сандар құпиясы.
2. Көмекші есімдер.
3. Көмекші есімдермен сөйлемдер құрастырыңдар.

№5
1. Қазақ – қонақжай халық.
2. Зат есімнің септік жалғауы.
3. Келесі сөздерді септеу: қонақ, қазақ халқы.

№6
1. Киіз үй туралы әңгімеле.
2. Зат есімнің тәуелдік жалғауы.
3. Келесі сөздерді тәуелдеу: шаңырақ, киіз үй.

№7
1. Қазақтың музыкалық аспаптары.
2. Синонимдер.
3. Мына сөздердің синонимдерін жазыңдар:
Аспап -...
Қазына -...
Халық -...
Дүние -...
Ғалым -...

№8
1. Қазақ бейнелеу өнері.
2. Етістіктің райлары. Қалау рай.
3. Келесі сөздерден қалау рай формасын жасаңдар:
сурет салу, бару, көмектесу, оқу, қатысу.

№9
1. Әбілхан Қастеев.
2. Бұйрық рай(ереже).
3. Етістіктерден бұйрық рай формасын жасаңдар:
бардым, жаздың, келді, білесің, сөйлейсің.

№10
1. Портрет.
2. Шартты рай (ереже).
3. Етістіктерден шартты райдың ІІ жағын жасаңдар: жаз, оқы, кел, сал, сөйле.

№11
1. Қазақстан мұражайлары.
2. Сөйлем түрлері. Сұраулы сөйлем.
3. Мұражай тақырыбы бойынша бірнеше сұраулы сөйлемдер құрастырыңдар.

№12
1. Қазақстан Республикасы.
2. Қос сөздер.
3. Мына қос сөздердің жасалу жолын түсіріңдер:
орамжапырақ, жақсы - жаман, кезек - кезек, қап - қара, сарт - сұрт.

№13
1. Президенттік мәдени орталық.
2. Антонимдер.
3. Сөз тіркестерінің антонимдерін табыңдар:
ірі жол -...
қазіргі заман -...
ұзақ мерзім -...
ежелгі қала -...

Қазақ тілінен мемлекеттік емтихан билеттері (9 - сынып орыс сыныптарында). жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама