Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Сабақтың тақырыбы: Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, білімін, шығармашылық қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын, шеберлігін дамыту.
б) Тәрбиелік: Өнерді қастерлеуге, эстетикалық тәрбие беруге, ұқыптылыққа, сұлулықты түсіне білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Бейнелеу өнеріне қажетті құрал жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері және т. б.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Натюрморт салу кезінде суретшілер қозғалыссыз заттарды бақылап, зерттей алады. Нәтижесінде көркем туындылар өмірге келеді. Натюрморттарды тамашалау - аса бір әсерлі сәт. Олардың бірінде суретші заттың пішінін, түсін, материалдың сұлулығын тамашалауға шақырады. Ал екіншісінде заттардың өзі кімге тиесілі екенін айтып тұрғандай. Натюрморттың екі түрі бар. Әдемі, сәнді заттарды бейнелейтін натюрморттар. Мұнда заттар өз сапасын, ерекшелігін көрсетеді. Екіншісі заттарды қолданған адамдар жайында сыр шертетін натюрморттар. Натюрморт салуды суретші оны құрастырудан бастайды. Ол әр түрлі заттарды таңдап салыстырып, солардың ішінде түр және мазмұны жағынан бір - біріне сәйкес заттарды іріктеп алады. Содан кейін суретші натюрморттың композициясын құруға кіріседі. Заттардың орнын қайта - қайта ауыстырып, ең ұтымды нұсқасын іздей отырып, суретші аса тартымды композицияға қол жеткізеді. Натюрморттағы заттардың орнын неше түрлі құбылтуға болады.
- Біз бүгінгі сабақта натюрморттың 4 түрімен таныса отырып, композиция құрастыруды орындаймыз.

Натюрморттың түрлері:
1. Жеміс - жидек топтамасы.
2. Ойыншықтар топтамасы.
3. Оқу құралдарының жиынтығы.
4. Музыкалық аспаптар жиынтығы.

Шығармашылық жұмысы.
Оқу құралдарынан «Натюрморт» құрастыру.
Сабақты қорыту.
«Натюрморт» дегеніміз не? Жансыз заттар топтамасының ерекшеліктерін ата? Натюрморт түстері қандай болады?
Бағалау «Натюрморт» құрастыру және бояу түрлері бағаланады.
Үйге тапсырма. «Ойыншықтар» натюрмортын құрастыру

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ынталы ауылы
С. Аманбайұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып,
бейнелеу өнері мен дене шынықтыру мұғалімі
Бердікеев Жұмағали

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама