Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дәулет Қасенов «Өзін - өзі жеңген бала»
Дәулет Қасенов «Өзін - өзі жеңген бала»
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға, мазмұнын әңгімелей алуға үйрету, сыйластықтың адам өміріндегі маңызы туралы айту.

Оқу нәтижелері
Барлық оқушылар \с\
Мәтінді мәнерлеп оқиды
Оқушылардың басым бөлігі /В/
Мәтінді мәнерлеп оқиды, тақырыптың идеясын табады.
Кейбір оқушылар/а/
Мәтіннің мазмұнын түсініп, нақыл сөздермен байланыстырады, ойын жүйелі жеткізеді.

басталуы
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- Сіз, біз деген жылы сөз демекші сыпайы сөздерді айтып көрейікші (доп лақтыру арқылы)
ІІІ. Оқулықпен жұмыс Мағынаны ашу
- Мәтіннің авторымен таныстыру.
Дәулет Қасенов ( 1937 - 1967) Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туды. 1961 жылы шыққан жас ақын жазушылардың « Жас дәурен» жинағына кірді. Дәулет Қасенов арқалы ақын, адалдықпен арды ту етіп көтерген азамат.
1. Оқушыларды топқа бөліп, абзац бойынша оқыту.
2. Түсінгенін сұрау.
3. Мәтіннің мазмұнын ортаға салып, талдау жасау.
ІҮ. Сөздік жұмыс
Жабыраңқы - ренішті, көңілсіз
Мақтаншақ - мақтағанды тәуір көретін, мақтана беретін бөспе.
Ортасы
Топпен жұмыс
1. Ассоциация құру (Мәтінге жоспар құру)
2. Талдау (Арман қандай бала )
3. Дәлелдеу (Арман орынсыз мақтанғанына өкінді ме?)
4. Егер мен (Арманның орнында болсам не істер едім)
Ақша бұлттар аспанда (Қолдарын жайқалтады)
Жерімді жайнап құлпыртсын (Жерді көрсетеді)
Нұрын сыйлап біздерге, (Күнді көрсетеді)
Көкте мәңгі күн тұрсын. (Күнді көрсетеді)
« Мен мақтаныш етемін» деген тақырыпқа эссе жазамыз.
Менің досым - адал, сенімді, әзілқой, тәртіпті. Мен досымды мақтаныш етемін.
Менің ұстазымның сөзі маржан, білімді. Ұстазымның бар болғанын мақтаныш етемін. Бізді әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелейді.
Сергіту сәті
Адам бойындағы жақсы - жаман қасиеттер туралы жазып шығайық..
Ойын. Мақсаты: Оқушының мінезін айтып шығу. Дильназ - салмақты, жай сөйлейді. Тапсырмаларды тиянақты орындайды.
Ой толғаныс
Абайдың нақыл сөзімен қорытындылау.
Әдептілік, ар - ұят -
Адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез тағы жат -
Надандықтың белгісі.

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Сәттіжол ауылы
Соцжол атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Джетписбаева Алия

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама