Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Наурыз мерекесі. Фонетика, септіктерді қайталау
Қостанай облысы, Денисов ауданы,
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
Абилкасова Акшагул Кайсаровна

Сабақтың тақырыбы: Наурыз мерекесі. Фонетика, септіктерді қайталау.
Сабақтың мақсаты: Мереке туралы айта алуға, мерекенің қалай өтетінін сипаттауға үйрету; сөздерге фонетикалық талдау жасау, септеу, тәуелдеу, жіктеу т. б.
Оқу нәтижелері: Сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қормен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарды орынды қолдана алу.
Түйінді идеялар: Оқушылардың іс - әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді. Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін анықтай отырып, шешім қабылдау.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Топтық, жұптық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, диалогтық оқыту, сұрақ - жауап, кластер т. б.

Ұйымдастыру Жинақтау, топқа бөліну
Өткен сабақ тақырыбына шолу
Мемлекеттік мерекелер. Сұрақ – жауап әдісі бойынша талдау, мысалдар келтіру
«Миға шабуыл»
Сөзжұмбақ шешу «Наурыз» Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

Тапсырмалар: «Дана үкі» стратегиясы
1) І топ. Мәтінді оқып, түсіндіру.
ІІ топ. Орыс тіліне аудару
ІІІ топ. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

2) Сөздерден дұрыс сөйлем құрастыру.
І топ Оқып, өлең, мен отырмын.
ІІ топ Мені, тыңдап, мұғалім, отыр.
ІІІ топ Домбыра, Әсет, отыр, тартып.

3) Фонетикалық талдау жасау: І топ мейрам
ІІ топ наурыз
ІІІ топ көже
4) Сөздерді септіктерге қойып жаз: ойын, әже, ана, ағаш
Сергіту сәті
Рефлексия Тест тапсырмалары
1)- Бүгін қандай тақырып өттік?
«Екі жұлдыз, бір тілек» (кері байланыс)
Бағалау парақтары бойынша оқушылардың өз білімдерін бағалау.
2) Үйге тапсырма: Карточкамен жұмыс.

Тест тапсырмасы
1. Сөйлемнің аудармасын тап. Наша семья дружная.
А) Біздің отбасымыз тату.
В) Біздің отбасымыз үлкен.
С) Біздің отбасымыз шағын.
Д) Біздің отбасымыз кішкентай.

2. Қазақстандағы мерекелерді тап.
А) Тоғызқұмалақ, бәйге, көкпар
В) Жаңа жыл, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні, Жеңіс күні.
С) Шілдехана, тұсаукесер
Д) Қыз қуу, Жекпе - жек

3. Қай дыбыстар жуан дыбыстарға жатады?
А) ә, е, і, ы
В) қ, п, т, с
С) ы, у, ө, е
Д) а, о, ұ, ы
4. Ұяң дауыссыздарды тап:
А ) р, л, й, м, н
В) р, л, п, ф, к
С) б, в, г, ғ, д
Д) д, з, ж, н, п
5. Үш буынды сөзді тап:
А ) Қарағанды
В) Атырау
С) Ақтау Д) Орал

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама