Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
О дыбысы мен әріпі
Ашық сабақ тақырыбы: О дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
- О дыбысы мен әрпімен таныстыру, О әрпінің баспа түрін жазуды үйрету;
- Балаларға білім беріп, олардың ой - өрісін, есту, есте сақтау қабілетін, белсенді қызығушылығын дамыту;
- Имандылыққа тәрбиелеу. Баланың рухани өсуіне басшылық жасау.
Міндеті:
- Балалардың сабаққа деген қызығушылығын туғызу;
- Өткен дауысты, дауыссыз дыбыстарды еске түсіріп, қайталау;
- Жаңа тақырыппен таныстыру;
- Балалардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту;
- Сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету;
- Сызба бойынша сөйлем құра білуге дағдыландыру;
- Жазбаша тапсырмаларды орындау арқылы қол ұсақ маторикасын дамыту;
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын, практикалық, сөздік.
Көрнекіліктер: Хат, О әрпінің таңбасы, ойыншықтар, «орамал», «торғай» бейнеленген суреттер.
Қолданылатын құра - жабдықтар: текшелер, доп, сөйлем сызбасы, тақта, магнит, «Балапанның жазу дәптері».

Сабақтың барысы
Шаттық шеңбер.
- Амансыңдар ма, балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын және бүгін бізге топқа қонақтар келіп отыр. Ал, қане, бәріміз дөңгелене шаттық шеңберге тұрайық, бір - бірімізбен амандасайық:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнді бастайық.
- Жақсы балалар енді дөңгеленіп отырайық. Балалар қараңдаршы бізге «Әліппе» елінен хат келіпті. Өзі қандай үлкен және ауыр екен. Не деп жазып жібергендерін көрейік пе? Жақсы қазір ақырын ашайын:
«Сәлеметсіңдер ме, даярлық «А» тобының балалары! Біз «Әліппе» елінің патшасы Дауыссыз дыбыс және ханшайымы Дауысты дыбыс сендерге қуанышты хабар жеткізбекпіз. Бүгін сендерге сабақтың соңында сыйлық жібереміз. Бірақ бұл сыйлыққа сендер лайықтысыңдар ма? Оны мына тапсырманы орындасаңдар ғана көз жеткіземіз»,- деп жазып жіберіпті.
- Қараңдаршы патша мен ханшайым жазып жіберіпті. Сыйлықты алайық. Ол үшін тапсырманы орындаймыз ба?
- Қандай болсын тапсырманы, орындамай қоймаймыз.

Қайталау.
- Жақсы, онда 1 - тапсырма. «Балалар сендер қандай әріптер туралы таппақтар білесіңдер?»
- Балалар бұл енді оңай тапсырма. Қане өткен сабақтардағы әріптерді қайталап есімізге түсірейік:

1. Аяулы ару – Алматы,
Алатау асқақ аясы.
Алқабында атақты,
Алқызыл апорт алмасы. (А әріпі).
2. Пай - пай, пілдің күштісі - ай,
Піл пайдалы үйреткен,
Пара - пар ол кранға,
Бөренені сүйреткен. (П әріпі)
3. Соңында ол айдың да,
Соңын да ол тайдың да.
Тұрады ол ортада,
«Айбын» менен «айдында». (Й әріпі)
4. Айырға аздап ұқсайтын,
Сабы жоқ, бірақ ұстайтын,
Тарақты еске салатын,
Қайсы әріп, кім бар табатын? (Ш әріпі)
5. Түсі сары сүйкімді,
Дәмі қышқыл бір түрлі.
Ащы дей де алмайсың,
Шекерсіз жей алмайсың. (Лимон. Л әріпі)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама