Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сырым Датұлы бастаған ұлт - азаттық қозғалыс
Сабақтың аты: Сырым Датұлы бастаған ұлт - азаттық қозғалыс
Сілтеме: Жоспар
Жалпы мақсаты:
1. 1783 - 1797 жж көтерілістің көтерілістің дамуына С. Датұлының тигізген ықпалын ашып көрсететін болады.
Күтілетін нәтиже: 1783 - 1797 жж. көтерілістің дамуына С. Датұлының тигізген ықпалын ашып көрсететін болады.
Сырым Датұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілістің тарихи маңызын білетін болады.
Негізгі идеялар: Сырым Датұлы бастаған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды. Ұлт - азаттық көтеріліс қазақтардың Ресей империясының отаршыл әкімшілігіне қарсы ең алғашқы ірі бас көтеруінің бірі еді.
Тапсырмалар: Топтық жұмыс,«Мен саған, сен маған»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
(мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, таныстыру (1 минут)

ІІ. «Жайық», «Еділ», «Жем», «Ойыл», «Сағыз» өзендерінің атаулары арқылы оқушылар бес топқа топтастырылады (2 минут)
Деңгей Әрекет түрлері
Білу.
Ой шақыру. «Шешендік сөз» оқимын.
Батыр Нұралыға наразы болып жүргенде «Аз бен көпті, ақ пен қараны нашар мен мықтыны теңгере алмадың, біреу - біреуді шауып жеп жатыр, елді басқара алмадың», - деп өкпелепті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда Нұралы:
- Батыр, қайырып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің – ау!- депті. Сонда Батыр:
- Хан, тасып жүргенім жоқ, қазақ баласының басын қоса алмай сасып жүрмін,- депті. Бұл батыр кім?
- Неге ол олай айтты деп ойлайсыңдар?
Түсіну.
Мәтінмен жұмыс. Әр топқа мәтін бөлініп беріліп, «Өкіл әдісі» арқылы берілген мәтінді әр топқа барып түсіндіріп шығады.
І - топ: Көтерілістің алғышарттары, себептері және оның басталуы
ІІ - топ: Көтерілістің басталуы.
ІІІ топ: Кіші жүздегі ішкі күрес және оның көтеріліс барысына әсері.
ІҮ топ: ХҮІІІ ғ 90 – жж. көтерілістің жаңа кезеңі.
Ү топ: Көтерілістің әлсіреуі, жеңілуі және оның маңызы.
Қолдану.
«Мен саған, сен маған». Әр топ бір – бірлеріне «Өкіл» әдісі арқылы түсіндіріп шыққан мәтіндері жөнінде сұрақтар береді.
Талдау.
Топтық жұмыс «ВЕНН диаграммасы». Алдыңғы өтілген тақырыппен байланыстыра отырып, Е.Пугачев және С.Датұлына ВЕНН диаграммасын толтырады.
Жинақтау.
«Ыстық орындық» әдісі. Әр топтан орындыққа бір – бір оқушы келіп отырады. Қалған топ мүшелері сұрақтар қояды.
Бағалау.
Рефлексия. «Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?» парағын толтыру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама