Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Оқу үрдісінде сапалы білім беруге арналған жаңа технологияларды пайдалану жолдарының тиімділігі
Оқу үрдісінде сапалы білім беруге арналған жаңа технологияларды пайдалану жолдарының тиімділігі.

«Бүгінгі күннің ең маңыздысы – білім ғана»
Н. Ә. Назарбаев

Еліміздің басынан өтіп жатқан жаңартудай «сілкіністер» бүгінгі білім жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгеніңді іске қолдана білу» дейді. Мақсатымыз – алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы – әлемдік кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.
Қай заманда, қандай реформа болсын білім беретін мекеменің басты тұлғасы – мұғалім. Ал бүгінгі таңда білім беретін мекемелердің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект – оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар іс - әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат ет. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоциялық, жігерлілік іс - әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал - тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет. Сондықтан сабақ барысында оқытудың жаңа әдіс - тәсілі, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын таңдап алдым.
Деңгейлік идеясы шет елдерде педагогика ғылымында 1920 жылдардың басында енді. Педагог ғалым В. П. Беспалько осы еңбектерінде деңгейлік саралап оқытуға кеңірек тоқталып, оның ең озық, тиімді әдістерін, тың жолдарын, озық үлгілерін жаңашылдықпен дәлелдеп береді. Ол өзінің В. П. Беспалько оқу материалын меңгерудің 4 деңгейін ұсынады:

Қарағанды облысы, Ақсу – Аюлы ауылы,
«Ж. Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп - гимназия» КММ
Абильдина Майра Бляловна

Оқу үрдісінде сапалы білім беруге арналған жаңа технологияларды пайдалану жолдарының тиімділігі, жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама