Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Қазақ халқының дүниетанымы
Шеберлік сабақ: Қазақ халқының дүниетанымы
Мақсаты: аталған бағдарламаның қажеттілігіне, ерекшелігіне тоқталу, оның құрылымымен, хрестоматиясы және жұмыс дәптерімен таныстыру.
Шеберлік сабағымды бастамас бұрын Сіздермен бірге сергіту сәтін жүргізсем деген ойым бар. Бұл қарапайым сергіту сәті емес, бағдарламамның құрылымын сипаттайтын сергіту. Сондықтан маған қолдауларыңыз аса қажет. Қарамен жазылған жазуларды мен, қызылмен жазылғанды Сіздер оқысаңыздар.
Ұрпаққа әлегі аз әдіс тауып,
Қазақтың дүниетанымын үйрету – нақ мақсатым,
Дайындалды жұмыс дәптер ыңғайлы етіп,
Екі хрестоматия тағы да бар.
Мына қоржындарды таңдап алсаңыздар. Сол арқылы топқа бөлінеміз... «Қызыл қоржын» және «Көк қоржын» тобы болып екіге бөлінсек. Қоржын арқылы бөлу себебім мынада: бұл менің әдістемелік қоржындарым, бүгінгі күні менің сабағымнан өздеріңізге керек бірәз мағлұматтар аларсыздар деген ойдамын.

Қалай ойлайсыздар, жалпы рухани жаңғыру дегеніміз не? Ойларыңызды ПОПС формуласы арқылы ұсынсаңыздар. Алдарыңызда постерлер таратылып берілді. Алғашқы екі тармағы дайын, соңғы екі тармағын жазсаңыздар.
ПОПС формуласы
Біздің ойымызша, рухани жаңғыру дегеніміз – ұлттық құндылықтарды жаңғырту
Себебі болашақ ұрпаққа оны білу – парыз
Мысалы...
Сондықтан...
Келесі кезекте екі топ бір – біріңізді «Бас бармақ» бағалау әдісі арқылы бағалап көрсеңіздер. Ал мен екі топты да 10 ұпаймен бағалаймын.

Менің бағдарламам «Рухани жаңғыру» мақаласымен үндеседі. Бағдарлама арқылы оқушылар тарих, дін, діл, әдебиет, салт - дәстүр, әдет - ғұрып, өнер, салауатты өмір салты, шежіре т. б. қазақи құндылықтар жайлы ақпараттанады. Ендеше, менің бағдарламам «Қазақ халқының дүниетанымы» деп аталады.
Бағдарламаның ерекшелігі: себебі Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы қарастырылған әр тарау менің бағдарламамның өн бойынан табылады.

Олай айтуымның себебі: қазақ халқының мәдениеті тарауын өткенде, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы бағытың ашады, мысалы: кезінде ерсіз көрінген рок – музыка, қазіргі кезде құлағымызға үйреншікті нәрсе болып қабылдаймыз, Қазақстанның әлемге танылған «Ұлытау» тобын айтуға болады. Ендеше кез келген нәрсені біртіндеп қабылдасақ, олда өн жағын береді. Келесі Қазақ халқының шежіре дәстүрі тарауына тоқаталатын болсақ ол, тікелей Ұлт - тық бірігейлігін сақтау бағытын ашып көрсетеді. Әр тарау мақаланың 6 бағы - тын ашып отыр. Мыне бағадарламаның ерекшелігі осында.
Қосымша бағдарламаға хрестоматия және жұмыс дәптері әзірленген. Келесі кезекте жұмыс дәптерінің құрылымымен таныстырып өтейін. Дәптердің ерекшілігі оқушы өзін - өзі бағалайды және мұғалімнің кері байланысы жазба түрінде жасалады. Келесі кезекте оқушы алдында жіберген қателерін жібермеуге тырысады. Соңғы бетінде қосымша мағлұматтар жинақ - талады, жыл соңында жинактаған ақпарат бойынша мониторинг жүргізіледі. Электрондық хрестоматияның құрылымына тоқталсақ. Хрестоматия қағаз және электрондық түрде дайындалған. Электрондық хрестоматияның ерекші - лігі: мәліметтерді тек қана мұғалім емес, оқушыда жыл бойы толықтырып отырады. Жылдың соңында біраз ақпараттар жиналады.

Сіздерді бағдарламаммен таныстырдым, ал сіздер өз бағаларыңызды «Бағдаршам» әдісі арқылы қойып шықсаңыздар.

Сабаққа қатысып өз ойларыңызбен бөліскен үшін сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!

Қарағанды облысы, Ақсу – Аюлы ауылы
«Ж. Ақылбаев атындағы эксперименталдық
мектеп - гимназия» КММ Абильдина Майра Бляловна

Қазақ халқының дүниетанымы. жүктеу
Қазақ халқының дүниетанымы. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама