Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Оқушыларды ҰБТ - ге психологиялық тұрғыда дайындау
«Оқушыларды ҰБТ - ге психологиялық тұрғыда дайындау»
(ата - аналар, оқушылар, пән мұғалімдері арасындағы тренинг)
Мақсаты: ҰБТ - ге психологиялық қолдау, ата - ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым - қатынасты нығайту, оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру.
Қатысушылар: 11 - сынып оқушылары, мұғалімдер және ата - аналар.
Көрнекілігі:
«Адам баласының құндылығы - оның білімінде һәм ойлана білуінде» (Жүсіп Баласағұни).

«Ерік - жігері күшті адам - нағыз мықты адам».
«Армансыз адам қанатсыз құспен тең».
1 - топ. Ата - аналар тобы.
2 - топ. Пән мұғалімдері тобы.
3 - топ. Оқушылар тобы.

1. «Қиылған дөңгелектер»
Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып қайшының көмегінсіз жырту арқылы дөңгелек жасаймыз бүктейміз. Оның оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп, оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі дөңгелектерімізді ашып қараймыз.

Талдау: - Кімде бірдей, бір - бірінен аумайтын дөңгелектер шықты? Таптыңыздар ма? Жоқ. Себебі неде деп ойлайсыздар?
- Не себептен бәрімізде бірдей ақ қағазбен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?
- Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әр түрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз. Біздің ата - аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз, жан дүниеміз бәрі әр түрлі. Ал оқушыларға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, ойлауы, дүниетаным, көзқарасы - бәрі әр түрлі. Бірақ, бәріміздің бірге жиналуымызда себеп бар - ол ҰБТ, одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен рөліміз әр түрлі болса да, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір.

Топтық жоба «Мен үшін ҰБТ...»
Нұсқау: ҰБТ - ның қиындықтары мен жетістіктері, оның маңызы оқушылар, мұғалімдер, ата - аналар көзімен айтылып, жоба қорғалады.
Қорытынды: ҰБТ - заман талабы бола тұра, ол оқушыларға оқу грантын жеңіп алу мүмкіндігі. Ендеше, сол мүмкіндікті жібермеу әркімнің өз қолында. Өз білімі мен еңбегіне сенген адам ғана өз өмірінің қожасы бола алады.
Жаттығу «Қасиеттер жәрмеңкесі»
Мақсаты: мұғалім, ата - аналар тарапынан оқушыларға қолдау көрсету, жағымсыз күштен, қасиеттен арылуға көмектесу.
Нұсқау: Алдымен оқушылар жағымсыз күштерден арылғысы келетін қасиеттерді қағазға жазып, аукционға шығарады. Оны ата - аналар мен мұғалімдер сатып алып, орнына өздерінің бойындағы қасиеттерін жазып, айырбастайды.

Талдау:
- Оқушылар, сендерде қандай сезім пайда болды?
- Жағымсыз күштен арылудың әсері болды ма?
- Мұғалімдер мен ата - аналар тарапынан қолдау көру қаншалықты әсер берді?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама