Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ою ойғанның ойы ұшқыр
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
«Қарлығаш» тобы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімдері: Жапсыру.
Тақырыбы: «Ою ойғанның ойы ұшқыр»
Мақсаты: Балалардың ұлттық ою - өрнек туралы білімдерін тереңдетіп, халықтың тұрмыс - салт дәстүріне қызығушылықтарын ояту, қабаттап бүктелген қағаздан ою - өрнектерді қию арқылы бейнелеу өнерінің жаңа тәсілдерімен таныстыру.

Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс – әрекеті

І кезең. Дәлелдеу - ояту
Шаттық шеңбер:
Бір шаңырақ астында,
Тату, тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Армысыңдар қонақтар!
Қош келдіңдер апайлар.
Алдарыңда балақай
Көрсетерміз сабақ - ай.
- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?

II кезең Іздену, ұйымдастырушы

- Біз қай ұлттың баласымыз?
- Иә, біз қазақпыз, біздің өз рәміздеріміз, тіліміз, салт - дәстүріміз бар.
- Балалар, енді мұнда қараңдаршы мына жерде біз нелерді көріп тұрмыз?
- Ал енді айтыңдаршы бұлардың барлығы немен әшекейлеп безендірілген?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар ою - өрнек күнделікті біз пайдаланып жүрген заттарда көп кездеседі. Олар ұрпақтан - ұрпаққа тарап, жалғасып келеді. Олардың түрлері өте көп. Мысалы: қошқар мүйіз, итқұйрық, гүл, балта, жұлдыз, шеңбер, ирек, ағаш.
- Бұл ою түрлерін үй мүліктерінде, ұлттық киімдерде, зергерлік бұйымдарда, ыдыс - аяқтарда кездестіреміз. Әр бір оюдың түпкірінде терең мағына жатыр. Мысалы: Қошқар мүйіз молшылықты меңзесе, ағаш оюы ынтымақ – бірлікті, ирек оюы адамның өмір жолын, судың белгісін, шеңбер ою жарық өмір жолы дегенді білдіреді.
- Балалар, жаңа біз сендермен ою - өрнектің қандай бұйымдарда кездесетінін және оның мағынасын айтып өттік.
- Енді маған кім ою туралы тақпақ, мақал - мәтелдер айтып береді?

Сергіту сәті:
- Ал енді балалар орнымызға отырып, алдымен қауіпсіздік ережесін еске түсіріп алайық.

- Мен сендерді балалар төрт топқа бөлемін.
- Бірінші топ алдарыңда жатқан оюды қиып, киіз үйге желімнің көмегімен жабыстырамыз.
- Екінші топ сандықты, үшінші топ көкірекшені, төртінші топ сәукелені ұлттық ою - өрнектермен әшекейлеп безендіреміз.
Жеке көмек көрсету.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама