Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Өрнек құрастыру
Тақырыбы: Өрнек құрастыру
Математика 2 сынып
Мақсаты:
1. Білімділік: Қазақ халқының қолданбалы сәндік өнері туралы балаларға түсінік беру. Ою - өрнектің түрлерімен таныстыру, ою - өрнектерді құрастыра білуге, түстердің үйлесімділігін үйрету.
2. Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін арттыру
3. Балалар өз елін, халқын сүюге қазақ өнерін құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлттық мақтаныш сезімін ояту. Эстетикалық талғамын ұштау
Әдіс - тәсіл: сұрақ - жауап, баяндау, ішінара ізденушілік зерттеушілік
Көрнекіліктер: оюлар, кілемшелер, түрлі түсті геометриялық фигуралар.

Жаңа технология
Дамыта оқыту технологиясы. Топпен жұмыс істеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткенді пысықтау
1. Үйге қандай тапсырма берілді
2. Натюрморт дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Балалар ою - өрнекті білесіңдер ме?
2. Ою - өрнек дегеніміз не?
3. Олардың не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Ондай болса балалар, бәріміз түгел тақтаға қарайық.
Қазақтың ұлттық ою - өрнектері алуан түрлі. Олардың әрқайсысының өз атауы бар. 200 - ге жуық түрі белгілі. Кез - келген қазақ халқының заттарын қарасақ ою - өрнектермен әшекейленген. Мысалы алдарыңдағы заттарға көңіл бөлейік сандық, ыдыс - аяқтар, зергерлік бұйымдар, кілемдер, ұлттық киімдер, ұлттық музыкалық аспаптардың барлығында ою өрнектермен өрнектелген. Әшекейлі сурет пен сызықтарды белгілі бір тәртіппен орналастыруды ою - өрнек дейміз.

Ою - өрнектер жасалуына қарай мынандай топтарға бөлуге болады.
1. Ақ құсқа, төрт түлікке, олардың аяқ таңбалары мен дене мүшелеріне байланысты. (мүйіз, қос мүйіз, табан, өркеш)
2. Жер - су өсімдікке байланысты ою - өрнектер.
(толқын, ағаш, жапырақ, үш жапырақ, шиыршық, гүл, жауқазын)
3. Аспан әлеміне байланысты (шеңбер, жұлдыз, шимай, айшық)
4. Геометриялық фигуралар. (сүйір, ирек, төрт үш гүл)
Шығармашылық жұмыс істеу үшін 4 топқа бөлінеміз
1. Мүйіз
2. Ағаш
3. Айшық
4. Сүйір

ІV. «Кім тапқыр» ойынын ойнаймыз
Әр топқа түрлі түсті қағаздан жасалған кілемше берем. Кілемшені әр түрлі пішіндермен толықтырыңдар. Қай топ жылдам болса ұпайлар беріліп отырады.
V. Дәптермен жұмыс.
Дәптерге «балдақ» өрнегін саламыз.
VІ. Сергіту сәті.
Тақ 3
Айтамыз тақпақ
Рақ 3
Күзде түсер жапырақ
Қол 3
Күзде егін мол
Тоқ 3
Шыбын – шіркей жоқ

VІІ. «Кім жылдам»
Түрлі - түсті қағаз берем геометриялық фигуралардан шағын көрпеше құрастырайық.
VІІІ. «Орнын тап» ойынын ойнаймыз.
Мен сендерге өрнектер берем. Әр топ өрнектердің атын атап өз орнына салу керек.
ХІ. Үйге «Толқын» өрнегін саласыңдар.
Х. Білімдерін бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама