Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып.
Тақырыптар:
11. Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы
12. Көп мағыналы сөздер
13. Жаттығулар орындау
14. Омонимдер
15. Жаттығулар орындау


№3 сабақ үлгісі:
1. Пән аты: Қазақ тілі.
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: І
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы туралы лингвистикалық білім беру.
2. Тәрбиелік: Тәрбиелік мәні зор сөйлемдерді оқыта отырып, оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын, байыту және лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы түсінік
2. 45 – жаттығу.

ІІІ Білім тексеру:
Сұрақ жауап
1. Мағына дегенді қалай түсінесің?
2. сөздің тура мағынасына мысалдар жаз.
3. тура мағынадан ауыспалы мағынаның қандай айырмашылығы бар?

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Әрбір сөздің өзге сөздермен қарым – қатынасқа түспей, жеке дара тұрғандағы нақтылы, негізгі мағынасы лексикалық я тура мағына деп аталады.
Сөз тура мағынада заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталады. Мысалы: үй, биік, бару деген сөздердің белгілі бір мағынасы бар. Үй сөзі – затты тікелей атаса, биік сөзі – сын – сапаны, беру сөзі – қимылды атайды. Бұл сөздердің осы тура мағыналарында басқа сөздермен тіркесіп қолданылу өрісі олардың өзі белгілейтін шындық болмыстардың өзара қарым – қатынасымен белгіленеді.

VІ Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
1. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
2. Бір сөзде бірнеше мағына болуы мүмкіндігі неліктен, негізгі және туынды мағына қалай пайда болады?
3. Сөздің тура мағынасы мен қолданыстағы мағынасын қалай ажыратуға болады?
Өздік жұмыс
Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар, онда әр сөз кемінде екі мағынада қолданылатын болсын.
Ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, тері, май, маса, ағаш, темір, саңырау, алыс, ойыншық, бұлақ, қол, жал.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
І топ
46 – жаттығу
1. Мәтіннен құрамында ауыспалы мағынасы бар сөйлемдерді көшіріп жаз.
ІІ топ
47 – жаттығу
1. Мәтіннен ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді тап.

VІІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру.
49, 50 - жаттығу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын көру

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама