Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қос сөздер
Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы қос сөздің жасалу жолдары және жалпы күрделі сөздер туралы алған білімдерін қайталап, бекіту;
Дамытушылық: Мәтіндерді талдау, деңгейлік, тестілік тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік және ақыл - ой тәрбиесін беру, әдемі жазуға, мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелеу.
Түрі: Қайталау сабағы
Әдістері: Сұрақ - жауап, талдау, өзіндік, ойын, көрнекілік, деңгейлеп, саралап оқыту әдісі.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі.
Көрнекті құралдар: “Күрделі сөздер”- сызбасы, қала аттары жазылған қима қағаздар, кемпірқосақ суреті, Венн диаграммасы, магниттік тақта, теледидар.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Өтілген материалдарды пысықтау. Ауызша “Саяхатқа шығу”ойыны арқылы ережелерді қайталау. Магниттік тақтада, қала аттары жазылған қима қағаздарда сұрақтар берілген.
- Елімізде қандай үлкен қалалар бар?
- Елімізде осы аталған қалаларға кімдердің саяхатқа шыққысы келеді?(Тақтаға шыққан оқушы өзі қалаған қала аты жазылған қима қағазды алып, сыртында жазылған сұраққа жауап беріп, сол қалаға баруға жолдама алады)
Қима қағаздарда:
Астана
- Күрделі сөздер дегеніміз не? Олардың жасалу жолдары.
Ақтау
- Біріккен сөздер дегеніміз не?
Ақтөбе
- Біріккен сөздерден жасалған кісі аттарының жазылуы.
Жезқазған
- Біріккен сөздерден жасалған жер - су аттарының жазылуы.
Өскемен
- Қос сөздер дегеніміз не? Қос сөздердің жазылуы.
Көкшетау
- Қос сөздердің жасалу жолдары
Семей
- Біріңғай сөйлем мүшелері дегеніміз не?

ІІІ. Терме диктант. Қос сөздерді теріп жазу. Түйеқұс, ата - ана, үйір - үйір, қосаяқ, бала - шаға, алабота, анда - санда, Темірқазық, мая - мая, жалт - жұлт, Сарысу, әп - әдемі, Алакөл, Гүлзипа.
(Жұппен жұмыс. Қатар отырған әр жұп бір - бірлерінің дәптерлерін алып тексеру.)

ІV. Оқулықпен жұмыс.
Қос сөздерді жай сөздерге айналдырып жазу. Әр оқушы бір сөйлемнен түсіндіре отырып жаздырады.
Тақтамен жекеше жұмыс.
Берілген қос сөздерді топтап жазу. Тақтаға үш оқушы шығады.
І. Кезек - кезек, күте - күте, қырқа - қырқа, машина - машина.
ІІ. Ата - баба, тау – тас, іркес - тіркес, салдыр - гүлдір.
ІІІ. Быт-шыт, тап - таза, үп - үлкен, тып - тыныш.
Сынып оқушылары нұсқа бойынша өздік жұмыс орындайды.
І - нұсқа: 1 топтағы сөздерді қатыстырып, бір сөйлем құрастырып жазу.
ІІ - нұсқа: 2 топтағы сөздерді қатыстырып бір сөйлем құрастырып жазу.
Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерді қос сөзге айналдырып жазу. Өздік жұмыс ретінде беріледі.

V. Деңгейлік тапсырмалар.
1деңгей (5 ұпай). Біріккен сөздермен жасалған кісі аттарын жаз.
2 деңгей (10 ұпай). Біріккен сөздерден құралған бес өсімдік аттарын ойлап, осы сөздердің ішінен қалаған бір сөзді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
3 деңгей( 15 ұпай). Құрамында қос сөздері бар екі жұмбақ жаз.
4 деңгей (20 ұпай). Құрамында қос сөздері бар екі мақал - мәтел жаз.
Сабақтың соңында әр оқушының жинаған ұпайы есептеліп, жұмыстары бағаланады.

ІV. Сергіту сәті. Ойын Сөзден - сөз шығару. Кемпірқосақ суреті экраннан көрсетіледі. Кемпірқосақ сөзінен сөз шығару.
VІІ. Сынып оқушыларына сұрақ беру.
- Біздің тұрған ауданымыз қалай аталады? Бұрын біздің аудан қалай аталған?
Марқакөл сөзі қандай күрделі сөз және қалай жасалған?
Мұғалімнің сөзі. Марқакөлдің шығу тарихы бізге таныс. Әркімге өзінің туған жері, елі ыстық екенін жақсы білесіңдер. Туған жеріміздің көрікті табиғатын, байлығын бейне таспадан көре отырып, Марқакөл сөзін қатыстырып шағын шығарма жазыңдар.
3 - 4 оқушыға жазған шығармаларын ауызша оқыта тексеру.

VІІІ. Оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатымын бес сұрақтық тест шешкізу. Әр оқушыға жеке - жеке тест тапсырмалары беріледі.

Тест тапсырмасы.
1. Біріккен сөздер қатарын белгіле.
А суыр, асқазан, шөп;
B анда - санда, ащы ішек, асық;
С қолбасшы, алтыбақан, түйеқұс.
2. Күшейткіш буынның қосылуы арқылы жасалған қос сөздер қатарын белгіле.
А сұп - сұр, тіп - тік, әп - әдемі;
Б алай - дүлей, анда - санда, ар - ұят;
С мая - мая, жалт - жұлт, апыр-топыр.
3. Әртүрлі сөздердің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздер қатарын белгіле.
А үйір - үйір, түп - түгел, әке - шеше;
Б жап - жасыл, қып - қызыл, әрең - әрең;
С құрбы – құрдас, шыбын - шіркей, ойын - сауық.
4. Біріңғай мүшелері бар сөйлем қатарын белгіле
А Машина жолмен жүрді;
Б Асан мен Болат үйге келді;
С суретті қызыл бояумен боядық.
5. Қыстырма сөздер қатарын белгіле.
А айтпақшы, сен, қандай;
Б қысқасы, сөйтіп, әйтеуір;
С немесе, несін айтасың, жаман әдет.
Жауаптары: 1. с; 2. а; 3. с; 4. б; 5. б;

VІІІ. Топпен жұмыс.
1 топ (сұрақтар экраннан көрсетіледі). Венн сызбасы арқылы ит және итмұрын сөздері салыстырылады.
2 топ. Төмендегі сызбадағы берілген сөздердің сыңарлары бойынша біріккен сөздерді жаз.
Ала аспан
Ақ жаман
Адыр сақал
Ат бұлақ
Асу бота
ІХ. Қорытындылау.
Бүгінгі сабақта қандай тақырыптар бойынша білімдеріңді тиянақтадыңдар?
Х. Үйге тапсырма.
ХІ. Оқушыларды бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама