Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ойын түрлері
Ойын түрлері
Таным: ойлау
Вербалды ойын
«Болады - болмайды»

Мақсаты: Ойлау, себеп – салдарлық байланыстарды қалыптастыру қабілетін дамыту.
Нұсқау: Мен әр түрлі жағдайларды айтып допты лақтырамын, егер осы жағдайлардың болуы мүмкін болса ғана допты қағып алыңыздар да, мүмкін емес жағдайлар болса допты ұстамаңыздар.
1. Мысық тамақ пісірді.
2. Мысық тамақ жегісі келіп отыр.
3. Пошташы хат әкелді.
4. Түнде күн шығады
5. Мысық тышқанды қуды.

Таным: зейін
Қимылды ойын
«Алақан шапалақтау»

Мақсаты: бала зейінін тез аударуға қабілеттілігін және тез бөлінгіштігін дамыту.
Нұсқау: «Мен қазір сіздерге әртүрлі сөздер оқимын, ал сіздер осылардың ішіндегі тірі табиғатты бейнелейтін сөздерді оқығанда алақандарыңды шапалақтап отыруларыңыз сұралады.»

Таным: ойлау
Дидактикалық ойын
«Бұл жерде не артық?»

Мақсаты: баланың бейнелі – логикалық ойлауымен ой операцияларының, талдау және жалпылау процестерін дамыту.
Нұсқау: «Әрбір суреттегі бейнеленген 4 заттың біреу артық зат болып табылады. Суреттерге зейін қойып қарап, қай заттың артық және неге артық екенін анықта».

Таным: зейін
Дидактикалық ойын
«Не өзгерді?»

Мақсаты: баланың ырықты зейінін дамыту
Нұсқау: Үстелге үш - төрт ойыншық қойылады. (ойын барысында ойыншық санын көбейтуге болады) Бұдан соң баладан ойыншықтарды есте сақтауы сұралады. 1 - 2 минуттан соң, баланы теріс қаратып қойып, үстелдің үстіндегі ойыншықтан біреуін алып немесе ойыншықтардың орнын ауыстырып қоямыз. Содан соң баланы бері қаратып, үстелдің үстінен не өзгергенін сұраймыз.

Таным: зейін
Қимылды ойын
«Рұқсат етілмейтін қимыл»

Мақсаты: баланың зейінінің тұрақтылығын дамыту
Нұсқау: «Балалар, қане бәріміз түзу тұрып маған назар аударыңыздар. Қазір мен қолыммен түрлі қимылдар жасаймын. Ал сіздер осы қимылдарды мұқият қарап отырып, менің артымнан қайталап отырыңыздар. Бірақ мына шартты ұмытпаңыздар; қолыңызды төмен түсіруге болмайды. Мен қолымды төмен түсіргенде, сендер жоғары көтеріңіздер. Кім қателесіп менімен бірге қолын төмен түсіріп қойса, сол ойыннан шығады»

Таным: зейін
Дидактикалық ойын
«Іздеп тап»

Мақсаты: Зейінділік пен байқампаздықты жаттықтыру
Нұсқау: «Үш үлестірме қағазда әртүрлі суреттер салынған. Суретте салынған заттардың саны бірдей болғанымен, басқа суретте кейбір заттар жоқ, ал бір заттар екі суретте де салынған. Ол қандай заттар? Міне, осы заттарды тап» (топпен)

Таным: қиял
Вербалды ойын
«Жаңа ертегі»

Мақсаты: Қиялды дамыту.
Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т. б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.

Таным: қиял
Арттерапия
«Сиқырлы дөңгелектер»

Мақсаты: Қиялды дамыту.
Балаға арнайы салынған бірнеше дөңгелектер беріледі. Олардан жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Бала өз қиялымен суретті толықтырып, дөңгелектерді жануарға айналдырады.
Ойын түрлері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама