Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тыныс алу
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер. Тыныс алу және тыныс шығарудағы көкеттің маңызы. Ауа жүретін жолдардағы қысымның өзгеруі.
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика және терминология:
Тыныc алу - дыхание - gas exhcange
Көкет - диафрагма - diaphragm
Өкпе - легкие - lungs
Оқытудың тілдік мақсаты: тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру үшін топта жұмыс істей (айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын) алады.
Диалог құруға /Жазылымға қажетті сөздер топтамасы:/
1 Көкет -...................(бұл кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбезді бұлшық етті перде).
2. Тыныс алу жолдары - ……………(мұрын қуысы, мұрын - жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және бронхылардан тұрады)
3. Тыныштық күйде ересек адамның тыныс алуы минутына
…….(16 - 18 рет)
Құндылықтарға баулу: «Зайырлы қоғам және жоғары руханият»
Тыныс алудың дұрыс жолмен жүзеге асуын және адам денсаулығына әсерін түсінеді, болашақ ұрпақ денсаулығына үлес қосу мәнін түсіндіре алады.
Пәнаралық байланыс: Физика - тыныс алу қозғалыстары, ағылшын - үш тілді

Сабақтың басы 7 минут
Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу.
Психологиялық ахуал туғызу
«Мейірімділік» тренингі.
Қайырлы таң! (оқушылар хормен қайталайды)
- Менің көңіл - күйім жақсы! – Мен өз - өзіме сенімдімін!
- Менің тынысым мен жүрегімнің соғысы қалыпты!
- Мен сабақты бастауға дайынмын!
Сыныпты 2 топқа бөлу:
«Ұқсас суреттер арқылы»
1 - топ Өкпе
2 - топ Бронх
«Лездемелік сұрақтар»
1. Өкпе қайда орналасқан? (кеуде қуысында орналасқан)
2. Өкпе қандай мүше? (кеуекті жұп мүше)
3. Қандай бөліктерден тұрады? (оң жақ үш және сол жақ екі бөліктен тұрады.)
4. Альвеолалар дегеніміз не? (диаметрі 0, 2 —
0, 3 мм, тереңдігі 0, 06 — 0, 3 мм ауаға
толы өкпе көпіршіктері)
5. Өкпедегі газ алмасуды не деп атайды? (сыртқы тыныс алу деп атайды).
6. Ұлпалардағы газ алмасуды не деп атайды? (ішкі тыныс алу деп атайды)
Қ. Б. «Ауызша марапаттау» әдісі
(Жарайсың, өте тамаша)

Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама