Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Өзін-өзі жеңген бала
Сабақтың тақырыбы: Өзін - өзі жеңген бала.

9 - 10 сабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу. Уақыты:
Сабақтың мақсаты: а\Оқушыларға жақсы жаман қасиеттер туралы түсінік беру.
ә\Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
б\ Оқушылардың ой өрісін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
Пән аралық байланыс: дүниетану, салауаттану.
Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.
Түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Өлеңді жатқа айту.
2. Сұрақ арқылы бекіту.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Сыйластықтың арқасында адамзат қандай жетістіктерге жетеді?
- Осы өлеңді қандай мақалмен қортындылар едің?

Сергіту сәті. Сөйлеуде тыныс алу дамуына арналған жаттығу «Шарик, ұш»

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту.
а\Өз бойларындағы жақсы қасиетті айту.
ә\Жақсы қасиеттер -
2. Абай атаның өсиет өлеңін еске түсіру.

Негізі бөлім.
1. Мәтінді түсініп оқыту.
2. Іштей оқыту.
3. Мазмұнын ашу.
4. Мақал - мәтелдер айтқызу.
5. Сөздік жұмыс.
6. Сұрақтар мен тапсырмалар.
а\Жазушы мақтаншақтықты неге теңейді?
ә\ Арман бойындағы жаман әдетті қалай жеңді?
б\Сен ұялғанда қандай күйде боласын?

Сергіту сәті. Қолдың буындарына массаж жасау.

IV Сабақты қорытындылау
1. Нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.
Әдептілік, ар - ұят
Адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез тағы жат –
Надандықтың белгісі. (Абай)

2. Жаңылтпаш айту.
V Үйге тапсырма.

1. «Мен мақтаныш етемін» деген тақырыпқа эссе жазу.
2. Жағымды қасиет туралы мақал - мәтел жинау.
Бағалау.

Әдебиеттік оқу бойынша сабақтың жоспары 3 сынып толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама