Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
«Сіз», «Біз» деген – жылы сөз
Сабақтың тақырыбы: «Сіз», «Біз» деген – жылы сөз.

8 сабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Уақыты:
Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға, мазмұнын әңгімелей алуға үйрету, сыйластықтың адам өміріндегі маңызы туралы айту.
ә\Тәрбиелілігі: Өз ойын айта білуге, қасындағыларға жанашырлық сезімдерін білдіруге, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
б\Дамытушылығы: Оқушылардың тілдік қорын молайту. Қолдың ұсақ моторикаларын дамыту.
Пән аралық байланыс: дүниетану, салауаттану.
Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.
Түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: Ө. Тұрманжановтың суреті, нақыл сөздер.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
Сұрақ қою арқылы мазмұнын сұрау.
1. Қазақша жыл қайыру.
2. Салт - дәстүрлердің түрлерін атау.
3. Жеті аталарын атау.

Сергіту сәті. Саусақ ойындары «ҚАЙЫҚ»
Екі алақаныңыз қабырғаға қойылған және қосылған «ожау сияқты», үлкен саусақтарым алақанымда қысылған. Кішкентай қайық өзенде жүзіп келеді, қайық балаларды серуенге апарады.

ІІІ. Жаңа сабақ дайындық.
Сұрақтар:
1. Сыйластықты дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Мәдениетті сөйлеудің түрлерін атандар?

IV. Жаңа сабақ.
1. Өлеңді оқып беру.
2. Іштей оқыту.
3. Сұрақ қою арқылы мазмұнын талдау.
а\Өлеңде не туралы айтылған?
ә\Ө. Тұрманжанов жастарға қандай өсиет айтқан? Өлеңнен тауып оқы.
б\Сыйластықтың арқасында адамзат қандай жетістіктерге жетеді?
в\Кімдерге жанашырлық сезімдеріңді білдіресің?

Сергіту сәті. Дидактикалық ойын «Меннен кейін қайтала».

V. Сабақты бекіту.
1. Нақыл сөздер
Аз жақсылық жасағанға да көп рақмет айту – парыз. (Ж. Баласағұн)
Адамға – адам, сөзге – сөз жарығын да, көлеңкесін де түсіріп тұрады.
(Ғ. Мүсірепов)

VI. Үйге тапсырма.
Мәнерлеп оқыту
Мазмұнын әңгімелеу.
VII. Бағалау.

Әдебиеттік оқу бойынша сабақтың жоспары 3 сынып толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама