Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Процент. Бөлінді бойынша бірінші сан екінші санның неше процентін құрайтынын табу
Математика
Сыныбы: 5
Сабақ тақырыбы: Бөлінді бойынша бірінші сан екінші санның неше процентін құрайтынын табу (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Бірінші сан екінші санның процентін таба білу дағдыларын бекіту;
Міндеттері:
• Білімділік – тақырып бойынша септер шығарту арқылы оқушылардың білімдерін, дағдыларын пысықтау;
• Дамытушылық – оқушылардың қабілеттіліктерін дамыту;
• Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Әдіс - тәсіл: ойын технологиясы, интерактивті оқыту технологиясы
Құрал - жабдығы: интерактивті тақта
Көрнекілігі: слайдтар, карточкалар, кесте

Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, сабаққа дайынсыңдар ма? Жақсы, отырамыз. Кезекші, сыныптағы оқушы түгел ме?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
1. Процент деп нені айтамыз?
2. Қандай шамалар процентпен өрнектеледі?
3. Берілген санның процентін қалай табамыз?
4. Процентті бөлшекпен қалай өрнектейміз?

Процент. Берілген санның процентін табу

● Процентті бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін процент санын 100 - ге бөлу керек
● Бөлшекті немесе натурал санды процентпен жазу үшін, процент санын 100 - ге көбейтіп, процент белгісін тіркеп жазу керек
● Берілген санның процентін табу үшін:
1) Процентті бөлшекпен өрнектеу керек;
2) берілген санды осы бөлшекке көбейту керек
● Формуласы:
b= a*(P/100)
а - берілген сан
ь - берілген санның процентке сәйкес мәні
Р – проценттер

Проценті бойынша санды табу

● Проценті бойынша санды табу үшін: процентті бөлшекпен өрнектеу керек;
берілген санды осы бөлшекке бөлу керек.
● Формуласы:
a= b/ (P/100)
a – проценті бойынша табылатын сан
b - проценті берілген сан P - проценттер

● Берілген санның процентін табу үшін:
1) Процентті бөлшекпен өрнектеу керек;
2) берілген санды осы бөлшекке көбейту керек
● Формуласы:
b= a*(P/100)
а - берілген сан
ь - берілген санның процентке сәйкес мәні
Р - проценттер

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Басықара ауылы, №182 орта мектептің
математика пәні мұғалімі
Ахметова Мархаббат Жанайқызы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама