Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қаныш Сәтбаев
Сабақтың тақырыбы: Қаныш Сәтбаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының мақтанышы Қаныш Сәтбаев туралы кеңірек мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау белсенділігін, ой - өрісін арттыру, сөздік қорын молайту, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке баулу, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, слайд суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
а) амандасу.
ә) кезекшімен сөйлесу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
- Балалар, біз өткен сабақта Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімесін өттік? (Жауап береді).
- Ол әңгімеде не туралы айтылып еді, енді соны еске түсіріп өтейікші... (Тақтаға 4 оқушы шығып, рөлге бөліп, жатқа оқиды).
- Ал енді үйге қандай тапсырма берілді? (Жауап беріледі).
- Тапсырма бойынша, бұлақ басындағы «Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!» деген жазудың мағынасын басқаша қалай жазар едіңдер? (2 - 3 оқушыдан сұрау).
- Енді, балалар, мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші:
1. Бұрынғы Қазақ КСР Ғылым академиясы қазір қалай аталады?
2. Қазақ Ғылым академиясы қай жылы ашылды?
3. Ғылым академиясы кімнің есімімен аталады?
4. Қаныш Сәтбаев кім?

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз осы қазақ халқының біртуар ұлы Қаныш Сәтбаев туралы болмақ. (Слайд - шоуды тамашалау).
(Мұғалім Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелейді).
- Күннің жады мен бүгінгі сабақтың тақырыбын дәптерімізге жазып қояйық.
Мәтінмен таныспай тұрып, жаңа сөздерге назар аударайық.

ІV. Сөздікпен жұмыс.
Көпқырлы – разносторонний
Ықпалын тигізу – оказать влияние
Қағида – правило
Қорған – защита, опора
Ұшан - теңіз – безгранично
Баршынгүл – гладиолус
Бөртегүл – сирень
(Әуелі мұғалім оқиды, оқушылар хормен қайталайды, жеке оқушы оқиды).

Жаңа сөздерден сөз тіркесін құрау.
V. Мәтінмен жұмыс.
Мұғалім оқиды. 3 бөлікке бөліп, 3 оқушы оқиды.
VІ. Топтық жұмыс.
І топ:
1. І бөлікке ат қою.
2. Синонимін тап: тұңғыш, табыс, ынтымақ, сіңірген.
3. «Бейнетте – береке» деген не мағына береді?
4. «Еңбек» сөзін тәуелдік жалғауының І жағында септе.
ІІ топ:
1. ІІ бөлікке ат қою.
2. Синонимін тап: байлық, ерлік, ұшан - теңіз, тірегі.
3. «Жер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды» деген мақалдың мағынасын талдау.
4. «Ерлік» сөзін тәуелдік жалғауының ІІ жағында септе.
ІІІ топ:
1. ІІІ бөлікке ат қою.
2. Синонимін тап: есім, ықпал, үлкен, жан - жақты.
3. «Ерлік – ердің ісі» дегеннің мағынасын талдау.
4. «Ел» сөзін тәуелдік жалғауының ІІІ жағында септе.
VII. Сөйлесу (Диалог).
VIII. Сабақты қорыту:
Бағалау.
Үйге тапсырма:
«Кім боламын?» тақырыбына эссе жазу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама