Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері»
Математика 4 сынып
Тақырыбы: «Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері»
Мақсаты: Көп таңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша есептеу тәсілдерін орындауға үйрету; есептеу тәсілдерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: топтық, түсіндіру, сұрақ - жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Тренинг «Мен бақыттымын»
Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырмаларды оқушылар кезекпен оқып, тексеріледі.

ІІІ. Өткенді пысықтау:
Қандай сандарды көп таңбалы сандар деп атаймыз?
Бірінші класс бірліктеріне нелер жатады?
Екінші класс бірліктеріне нелер жатады?
Үшінші класс бірліктеріне нелер жатады?
Көп таңбалы сандарды қалай қосып азайтамыз?

ІҮ. Жаңа сабақ: «Ой қозғау»
«Қосу» деген не? Қосу не үшін керек деп ойлайсыздар?
«Азайту» деген не? Азайту не үшін керек деп ойлайсыздар?

Оқулықпен жұмыс:
№1 а) Қосындылардың қайсысының мәнін таба аласыздар?
Түсіндіре отырып орындайық.
Оқушылар кезекпен айта отырып, дәптерлеріне жазады.

428+351= 779
1428+1351=2779, т. с. с.

Айырмалардың қайсысының мәнін таба аласыздар?
779 - 351=428
2779 - 1351=1428, т. с. с.
«Ойлан, тап»
№2. Баған түрінде дұрыс жазылған мысалдарды анықтап, оларды орында.
Дұрыс жазылмаған мысалдарды дәптеріңе дұрыс жазып ал да, орында.
№ 3 Баған түрінде жазып алып, амалдарды орында.
№4 Қосуды орында және оны азайту арқылы тексер.
Сергіту сәті.
№5. «Өзіндік жұмыс» Оқушылар өз беттерімен орындайды.
№6. Әкелінді әр орамда 50 м – 9 орам ақ мата Шешуі:
(50 * 9 ) + 120 =450 + 120= 570 м
Көк түсті мата - 120 м
Барлығы -?

«Ойлан тап» №9. Қандай санды қойғанда, тура теңдік шығады?
48: 24+499=501
80*60 - 400=80
203*4 - 302=510
60: 20+798=801
210*3+60=690
5*120+210=810

№ 1. 54 бет
Ұжымдық жұмыс: Баған түрінде жазылған мысалдарды анықтап, оларды орында.
Дұрыс жазылмаған мысалдарды дәптеріңе дұрыс жазып ал да, орында
№ 5 «Ой шақыру» Ауызша орындалады.
Ү. Жаңа сабақты пысықтау:
Топтық жұмыс.
ҮІ. Қорытынды.
Ү. Үйге тапсырма
Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама