Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»
Тақырыбы: «Үлкен және кіші»
Мақсаты: Заттарды санына қарай салыстыра алу қабілетін арттыру, бір затпен көп затты бір – бірінен айыра білуге үйрету. Санаудың дұрыс тәсілдерін пайдалана отырып, заттарды санау; солдан оңға қарай санау.
Қажетті құрал жабдықтар көрнекіліктер: үлкен шаршы немесе шеңбері бар 3 тәрелке, 4 кіші тәрелке.

Мотивициялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Амансың ба, Алтын күн?
Амансың ба, көк аспан?
Амансың ба, достарым?
Сендерді көрсем қуанам.

Оқу қызметіне кіріспес бұрын тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Тікен – тікен, тік пісте
Қысы – жазы бір түсте.

Көк жиекте шай табақта
Алтын алма тербелер.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа, мақта пернелер.

Қалпағы бар,
Басы жоқ.
Қолы да жоқ,
Шашы жоқ.
Сыңар аяқ көкеңнің
Ойлан тап, не екенін.

Ұйымдастыру – іздестіру
Балаларды қызықтыру мақсатында жұмбақ жасырып, назарын өзіне аударады. Осылайша жаңа тақырыппен таныстырып, түсіндіреді. Оқу қызметін өту барысында одан әрі тапсырмалар орындатады.

Дәптермен жұмыс
- Суретте ең көп бейнеленген қандай зат?
- Бір – бірден салынған заттарды бояп шығыңдар.
1 және 2 затты санауға байланысты тәрбиеші сұрақ қояды.
- Сол жақ карточкада неше киіз үй, оң жақ бұрышта неше киіз үй?
- Тақия көп пе әлде киіз үй көп пе?
- Қане тақияны санайықшы.
- Жарайсыңдар.
- Ал енді киіз үйді санайық, нешеу екен?
- Осылайша балаларды санауға және бір – бірінен ажырата білуге үйретеміз.
- Келесі тапсырма бойынша заттарының саны бірдей карточкаларды сызық арқылы қосуды ұсынады. Балалардың өз беттерінше жұмыс жасауларын қадағалайды.

Сергіту сәті
Оңға қарай иілдік,
Солға қарай иілдік,
Бір отырып, бір тұрып,
Бәріміз бір сергідік.

Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы
«Сен сұлу» жеке балабақшасының тәрбиешісі
Сейділдаева Гүлзат

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама