Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Төл сөздің тыныс белгілері
Қазақ тілі 8 сынып
Тақырыбы: Төл сөздің тыныс белгілері
Мақсаты: Төл сөздің өзіндік ерекшелігін, жасалу жолын білу. Өзіне тән қойылатын тыныс белгілерінен түсінік алу. Төл сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қойып, сызбасын көрсете алу. Өткен грамматикалық тақырыптармен байланыстыра жұмыс жүргізе білу, алған білімдерін жетілдіре алу, төл сөздің сөйлем ішінде орналасу тәртібін жете түсінуі, білімін тәжірибеде пайдалана білуі.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру;
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, топтастыру, сұрақ - жауап, деңгейлеп - саралап оқыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі парақшалар, тірек - сызбалар;

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу;
Түгендеу;
Сабаққа даярлау;
Үй жұмысын тексеру: көркем шығармадан 5 төл сөзі бар сөйлемді тауып, оны төлеу сөзге айналдыру керек.
- Балалар, келесі тақырыбымызға көшпес бұрын алдымен өткен тақырыптан алған білімдерімізді көрсетейік, еске түсірейік.
- Төл сөзі бар сөйлемдерді қайда кездестіреміз?
- Оның қызметі қандай?
- Сөйлеушінің тікелей айтылған ойы екенін бізге қайдан білуімізге болады?
- Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзін не дейміз?
- Ал ендеше төлеу сөздің өзіндік ерекшелігін түсіндіріп кетіңдер.
- Жақсы, ендігі кезең жаңа сабақ.
Жаңа сабақ: сабақтың мақсатын айтып кету;
тақырыпты ашып түсіндіру;

Төл сөз болатын сөздер

Біреудің айтқан сөзі
Іштей айтылған ой
Мақал - мәтелдер
Қанатты сөздер
Даналық сөздер
Шығармадан алынған үзінділер
Диалогты сөзден басқа төл сөз тырнақшамен жазылады.

Төл сөз - автор сөзі түрінде орналасудың тыныс белгілерін сызбамен былай көрсетуге болады:

1. «Сонан қалмақ Сарыарқаға басқан жоқ», - дейді жыр. «_______», __
2. – Көктемде неге желікті? – деп сұрадым мен. _ _____? __.
3. Аздан соң тағы да өзі сөйлейді:
- Менің аңғаруымша, сіз тарихқа ат салыспаған сияқтысыз:__ _________.
4. Ұйықтап жатыр едік: «Сұратай, оян!» - деген дауыс құлағыма сап ете түскенде басымды көтере түрегелсем, жер қозғалғандай үйім дірілдеп барады.: «_____!»_.
5.– Таза болса, тәуір болса болады, - деді ол баласына,- кие бер, күнішегім! _ _____, _, _!

Сабақты бекіту: Үлестірмелі парақшалармен жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
1 - деңгей
1. Берілген төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып жазыңдар.
- Білмеске сөзің қор боп кетер, - деген М. Дулатұлы.
Айжан: «Менің үйім алыс еді, ертерек қайтайын», - деді.
2. Төлеу сөзге айналдырған сөйлемдеріңді сөйлем мүшесіне қарай талдап, сипаттама беріңдер.

2 - деңгей
1. Берілген сөйлемдегі төл сөзді сөйлемнің ортасына және соңына қойып құрастырып жазыңдар. Сызбасын көрсетіңдер.
– Серкенің желін шығарып әкелсін, - деді күйеуі қоқиланып.
2. Берілген сөйлемге сипаттама беріп, сөздердің байланысу түрін жазыңдар. Төлеу сөзді төл сөзге айналдырып жазыңдар.
Марат ертең өзінің қалаға баратынын айтты.

3 - деңгей
1. Төл сөзді бір бағанға, төлеу сөзді екінші бағанға тізіп жазыңдар.
Ол менен қайда баратынымды сұрады. Інім бинокльді бір рет қарап көршіге беруімді өтінді. Келді де: «Абай шырағым, сені әкең шақырады»- деді. «Шырағым», - деді кемпір, -«Сен далаға шығып келші». «Бұл не деген жұмбақ?»,- деді екеуі. Оспан деген әдепті бала. «Енді не істемекшісің?», - деді ана. - Ол ештеңе дей алмады. Ол менен: «Сен қайда барасың?»- деп сұрады.
2. Берілген төл сөздердің сызбасын жазыңдар.

Төл сөздің тыныс белгілері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама