Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қаратпа сөздің тыныс белгілері
Қаратпа сөздің тыныс белгілері
Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір белгісі қойылады.
Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады:
Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады.

Сөйлемдерді оқып, қаратпа сөздерді тап
Балам, әрбір жер атауының өзіндік тарихы бар.
Қалай, балақай, тауға шыққан ұнай ма?
Біз саған сенім артамыз, Бақыт.
Тезірек жүрейік, қыздар, апай тосып қалды.

Көркем жазу
И әріпіне байланысты сөздерді атап жіберейік.
Итмұрын, инабатты, ибалы, ит, ителгі, итбалық, тиын, тиін, т. б. жиын, жиналыс.
И дыбысы қандай дыбыс? Сөздің барлық буынында кездеседі.
И дауысты дыбыс. Сөздегі дауысты дыбысында қарай, кейде жуан, кейде жіңішке айтылады.
Итмұрын – сөзіне дыбыстық талдау жаса. Инабатты сөзін сөз құрамына талдау.
3 буын, 7 әріп, 7 дыбыс, 3 дауысты, 4 дауыссыз.

Сөйлемдегі қаратпа сөзі бар сөйлемдерге айналдырып жаз
Бағдат ертегі оқыды.
Әжем кесте тігуді үйретті.
Гүлнар гүлдерге су құйды.

Оқулықпен жұмыс
Сызба бойынша қаратпа сөзі бар сөйлемдер құрастырып жаз.

Есіңе сақта!
Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір белгісі қойылады.
Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады:
Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады.

Тапсырма:
Өлеңді жатқа жаз. Қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісін қой.

Түлкі қайда барасың?
Тауық іздеп барамын.
Маймыл қайда барасың?
Сауық іздеп барамын.

Қаратпа болатын сөздердің орнын тауып, тыныс белгісін қой.
үлкендерге не айту керек?
Бар алғысымды саған арнаймын!
Кәне жүрісті үдетейік.
Жарайды сенің дегенің болсын.
Қаратпа сөздер: анашым, Балнұр, Бақыт, жігіттер.

Қаратпа сөздің тыныс белгілері. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама