Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Себеп бағыныңқылы сабақтас
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Себеп бағыныңқылы сабақтас.
Сабақтың мақсаты: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолы мен ерекшелігінен алған білімдерін сабақ барысында берілген тапсырмаларды орындау арқылы көрсете білу. Өтілген материалдарды қайталай отырып, оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, бекіту, алған білімдерін еске түсіру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: интерактивті оқыту әдісі, сұрақ – жауап, венн диаграмма, топтастыру, сәйкестіру, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезі. Амандасу, түгендеу, сабаққа назарын аудару.
Үй жұмысын тексеру.

Жаңа сабақ: сабақтың мақсатын айту, тақырыпты ашу.
1. ВЕНН ДИАГРАММА әдісімен өткен тақырыптарды салыстыра отырып, ерекшелігі мен ортақ қасиеттерін ұғыну.
Мезгіл сабақтас ортақ қасиет себеп сабақтас

2. Берілген сызба бойынша сөйлем құрастырып, сөйлем түрлерін анықтаңдар.
1. (+ғандықтан), [...]
2. (+ғаны үшін), [...]
3. (+ған соң), [...]

3. Берілген сөйлемдерді толықтырып, сипаттама беріңдер, сөйлем мүшесіне талдау жасаңдар.

1. Бұрын көрмегендіктен,....
2. Күз келсе де,...
3. Ұлжан сөйлеген сәтте,...
4. Күн жылы болған соң,...

Бекіту: Үлестірмелі парақшамен жұмыс.
1 - Парақша
Берілген сөздерді құрамына талдаңдар.

Ішіндегілер, ертеңіне, әңгімесін, түйіліп.
Іш - көмекші есім сөз, - нде - жатыс септік жалғауы, - гі - сын есім тудырушы жұрнақ, - лер - көптік жалғау.
Ертең - мезгіл үстеу,- і - тәуелдік жалғау үшінші жағы жекеше түрі,- не - барыс септік жалғауы.
Әңгіме - зат есім, - сі - тәуелдік жалғау үшінші жағы жекеше түрі, - н - барыс септік жалғауы.
Түй - етістік, - іл - ырықсыз етіс жұрнағы, - іп - көсемше жұрнағы.

2 - парақша
Берілген сөйлемдерге сипаттама беріп, байланысу тәсілін анықтаңдар.

Олар бұл мәселеге біраз ойланды. ( жақты, жайылма, толымды)
1. Олар ойланды қиысу
2. бұл мәселеге қабысу
3. мәселеге ойланды меңгеру
4. біраз ойланды жанасу
Қалың қардың үстінде іздер жатыр.(жақты, жайылма, толымды)
1. Іздер жатыр қиысу
2. қалың қардың қабысу
3. қардың үстінде жанасу

Себеп бағыныңқылы сабақтас. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама