Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қасиетті қара шаңырақ
Сабақтың тақырыбы: Қасиетті қара шаңырақ
Сабақтың эпиграфы: Жақсы да болса - өз үйім, жаман да болса - өз үйім, кең сарайдай боз үйім.
Сабақтың мақсаты: дәстүрлі мәдениетімізді насихаттау, балалардың туған тіліне, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың міндеттері:
- балалардың сөз шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру;
- халқымыздың мәдени, тарихи ескерткіштеріне деген аялы көзқарасын қалыптастыру;
- танымдық көкжиегін кеңейту, тілін дамыту, ойларын ауызша, жазбаша сауатты жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: таным сабағы;
Сабақтың әдісі: әңгіме - сұхбат, түсіндіру, көрнекі және техникалық құралдар көмегіне сүйену;
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дайындалған слайд.

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы өздерің тақтадан көріп отырғандай «Қасиетті қара шаңырақ» деп аталады. Сабағымыздың эпиграфына назар аударайық, сонымен бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?
- Қара шаңырақ дегенді кім қалай түсінеді?
- Оны неге қасиетті дейміз?
- Сендердің іштеріңде қара шаңырақта тұрып жатқандарың бар ма?
- Қара шаңыраққа ие болып отырған ұлға қандай сый құрмет көрсетіледі?

Осындай сұрақтар бере отырып, балалардың назарын бүгінгі сабаққа аударып алған соң, мұғалім қазақ ұғымындағы «қара шаңырақ» сөзінің мәнін түсіндіреді.

Қазақ халқы киіз үйді «қасиетті, киелі қара шаңырағымыз» деп дәріптейді, өйткені ол – халқымыздың мыңдаған жылғы баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, табысы әрі тарихи ескерткіші. Мұнда ата - бабаларымыздың түсінік - түйсігі, ұғымы, танымы, талғамы, өнер тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жатыр. Бір ғана киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туындыны көре аламыз.

Киіз үй – Орталық және Орта Азия көшпенділерінің негізгі баспанасы болған. Ол тез жығып, шапшаң тігуге ыңғайлы, көшіп - қонуға лайықты. Киіз үй қола дәуірінде пайда болған (біздің заманымыздан бұрынғы үш мың жыл). Көшпенділердің киіз үйі – бұл адамзат тарихындағы ең бірінші архитектуралық, жылжымалы құрылыс. Басқа елдердегідей емес, біздің киіз үйіміз ағаш, киіз, ши, ішінара күмістен құрастырылады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, халықаралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған.

Мысалы, 1861 жылы Алмас деген кісі Париждегі Дүниежүзілік этнографиялық көрмеге киіз үй апарып, еуропалықтарды таңқалдырып, бәйге алған. 1876 жылы Мейрам қажы Жанайдарұлы Петербургке, 1890 жылы Ибраим Әділов Қазандағы көрмеге киіз үй апарып, қазақ мәдениетін Еуропаға паш еткен. Жазушы Ш. Айтматов Батыс Еуропадағы белгілі бір мұражайлардың бірінен қазақтың киіз үйін көргендігін жазды. Сондай - ақ Германияның Гамбург, Майндағы Франкфурт қалаларындағы мұражайларда да қазақ киіз үйлері бар.
Көкшетаудағы Абылайдың ақ ордасы, Шыңғыс төренің 24 қанат ордасы, Жетісудағы Тезек төренің ордасы, Ырғыздағы Самырат байдың үйі, Ақмоладағы паң Нұрмағамбеттің үйі сияқты елге аңыз болған үйлер көп болған.

Киіз үй үшін жабдықтауға қазақ азаматтары байлығын аямаған және сол арқылы қазақ дәулеті мен мәдениетін таныта білген. Қазақтың байлығы мен сән - салтанатының куәсі болған киіз үйлер тәркілеу, соғыс, аштық, колхоздастыру сияқты жауыздық әрекет салдарынан құрып кетті. Оның орнына кеңестік тәсілмен қалай болса солай жасалған, бір - екі жылдан артық тігуге келмейтін сапасыз бірдеңелер көптеп шығарылды да, ол киіз үй атты қасиетті, құтты орынның құнын түсірді.
Киіз үйдің артықшылығын біз 1988 жылы желтоқсан айында Армениядағы жер сілкінісінде тағы да байқадық. Сол қайғылы күндері үйсіз қалған адамдарға Қазақстаннан мыңдаған киіз үйлер жеткізілді. Ол үйлер баспанасыз қалған талай кісілерді қыстың аязынан сақтап қалды. Бұл – киіз үйдің біздің заманымызда да пайдалы екендігінің дәлелі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама