Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ұлттық аспаптар. Етістіктің шақтарын қайталау
Қазақ тілі 9 сынып
Сабақ тақырыбы: Ұлттық аспаптар. Етістіктің шақтарын қайталау
Ашық сабақ құрылымы:
1. Ұйымдастыру (2 минут)
2. Үй тапсырмасын сұрау (5 - 7 минут)
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (15 - 20 минут)
4. Сабақтың қорытындысы (5 - 7 минут)
5. Бекітусұрақтарын қою (5 - 7 минут)
6. Үйге тапсырма беру (2 - минут)
7. Бағалау(2 - минут)

Сабақ тақырыбы: Ұлттық аспаптар. Етістіктің шақтарын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Қазақ халқының ұлттық аспаптарымен таныса отырып, етістіктің шақтарын қайталап білімдерін жетілдіру.
2. Дамытушылық: Оқушыларға осы тақырыпты түсіндіре отырып, оқушылардың еркін сөйлеу, өз ойын айту, жазу мәдениетін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тілі пәні арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Музыка, Қазақтан тарихы, Қазақ әдебиеті.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, пікір алмасу, талдау, баяндау, тақтамен жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, сызбалар, суреттер, музыка аспаптар көрмесі, Кітап көрмесі, оқулық, тақта.

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Түгендеу
3Топқа бөлу, топ басшыларын тағайындап, бақылау парақшаларын тарату.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Оқушылар, сіздер қандай белгілі күйші, композиторларды білесіңдер?
2. Ал енді Дина Нұрпеисова деген кім? Оның қандай күйлері бар?
3. Нұрғиса Тлендиевті танимыз ба? Оның қандай шығармалары бар?
4. Дәулеткерей Шығайұлын білеміз бе? Білсек оның қандай күйлері бар?

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Қазақ халқымыздың қандай аспаптарын білесіңдер?
(Домбыра, қобыз, сазсырнай, асатаяқ т. б.)

Күйді қандай аспаппен ойнауға болады?
Күйлердің қандай түрлерін білесіңдер?
Күйлерді кімдер шығарады?

Ал енді дәптерлеріңді ашып күн мен айды, тақырыпты жазамыз.
Алдымен жаңа сабақты бастар алдында бүгінгі жаңа сөздермен танысайық.
1. Жаңа сөздермен таныстыру. Слайдта жазылған сөздерді мұғалім, содан кейін оқушылар мәнерлеп оқиды.
Үн - звук, голос
Көзбе - көз - с глазу на глаз
Үрмелі аспап - духовой инструмент
Дабылды - шулы аспап - тревожно - шумный инструмент
Жіктелу - классифицировать
Ішекті аспап - струнный инструмент
Сарнамалы аспаптар - заунывные инструменты
Күйші - создатель кюя, исполнитель кюя
Дарынды - одаренный
Өнер - искусство

Домбыра
Қобыз
Жетіген
Сыбызғы
Сазсырнай
Дабыл
Асатаяқ
сырнай
Жуан дауысты сөздерді оқимыз.
- Жіңішке дауысты сөздерді оқимыз.

6. музыка аспаптарын атап шығып оқушыларға сызба арқылы түсіндіру ( слайд арқылы)
Домбыра - Қағып шертіп, ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән - күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар., олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әрқилы болып келеді. Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Негізінен екі ішекті болып келеді. Үш ішекті домбыраларда бар Қазақстанның әр өңірінде домбыраның түр - түрін пайдаланады.(слайд)
Құрманғазының күйі «Ақсақ құлан»

Қобыз - ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап мойыны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштарымен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіреттік күш ретінде пайдаланып адам емдеген.
(слайд)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама