Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қайнау. Меншікті булану жылуы (8 сынып)
Қайнау. Меншікті булану жылуы (8 сынып)

Сабақтың аты: Қазақстанның 7 (жеті) кереметі
1. Бекет Ата мешіті
2. Қарақия ойысы
3. Шерқала тауы
4. Қожа - Ахмет Иассауи
5. Қаратау жотасы
6. Оқжетпес
7. Бәйтерек монументі

Бүгін маған керек емес ертегі,
Ертегіні өз басымда шертеді.
Тарих керек іргетасы халықтың
Іргетассыз қаланбайды ертеңі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сұйықтың буланып қайнаған кездегі болатын құбылыстарын меңгерте
отырып, булану мен қайнау құбылыстарының айырмашылығын түсіндіру.
Дамытушылық: Қазақстан тарихы мен географиялық картаға көз жүгірте отырып,
сабақты меңгерту мақсатында озық ойға жетелеп, жан - жақты дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды өз туған жерін, егеменді елін сүюге, өзін - өзі басқара білуге, физика ғылымы мен ұлттың тәлімін ұштастыра тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Электрондық оқулық, интерактивті тақта, Қазақстанның географиялық
картасы, 8 - сынып физика оқулығы, шәйнек, сазды әуен,
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, география т. б
Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ – жауап, интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Саяхат сабақты бастау. «Сенек ауылы – Бекет Ата» саяхаты
- Балалар, біз бүгін сабағымызды бастамас бұрын саяхат жасауға, яғни Қазақстанның жеті керемет жерлерін аралайтын уақыты таяды, сондықтан дайындалайық. Алдымен ауылда ешкім қалып қоймасын, түгенделіп алайық. ( түгендеу).
Бекет – Ата мешітіне жету үшін «Бекет - Ата белестерінің» мынадай сұрақтарына жауап берейік, яғни үй тапсырмасын пысықтап алайық:
1. Қандай буды қаныққан және қанықпаған булар деп атаймыз?
2. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы дегеніміз не?
3. Шық нүктесі деп нені айтамыз? Мысал келтір.
4. Қандай құбылысты булану деп атайды?

ІІІ.«Бекет Ата – Қарақия ойысы» саяхаты
Жаңа сабақ: «Қарақия ойысының орамдары»
Жаңа сабақ: Қайнау. Меншікті булану жылуы.
- қайнау алдында болатын құбылыстар
- қайнау мен буланудың айырмашылығы
- қайнаудың басталуы
- сыртқы қысымның сұйықтың қайнауына тәуелділігі
- электронды оқулықты пайдалана отырып, тақырыпты тыңдату
- меншікті булану жылуы.
- есептер шығару үлгісі т. б

ІҮ.«Қарақия ойысы - Шерқала тауы» саяхаты
Сергіту: «Шерқала тауында дамылдайық!» ( сазды құстар дауыстары мен аққан өзен сылдыры әуені ойнап тұрады, оқушылар бір сәт көздерін жұмып табиғат аясында дем алғандай сезімге бөленеді)
Ү. «Шерқала тауы - Қожа - Ахмет Иассауи» саяхаты
Бекіту:
Кітаппен жұмыс « Қожа – Ахмет Иассауи есептері» 11 жаттығудың № 3; 8 есептері

ҮІ. «Қожа – Ахмет Иассауи – Қаратау жотасы»саяхаты
«Қаратау жотасының тапсырмалары»
Шәйнек қосылып, оқушылар су қайнағанға дейінгі құбылыстарды зерттей отырып, өз ойларын айтады.
Сонан кейін оқушы ойын тиянақтау мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылады.
1. Қайнаудың алдында сұйықта қандай құбылыс байқалды?
2. Судың қайнауынан оның булануының қандай айырмашылығы бар.
3. Судың қайнау t °С қандай?
4. Қай уақытта қайнау температурасы өзгереді?
ҮІІ. «Қаратау жотасы - Оқжетпес» саяхаты
«Оқжетпес тауының ойландырар сұрақтары» - тақырыпқа сәйкес мақал - мәтелдердің тәрбиелік және физикалық мағынасын түсіндіру.
1. «Қақпақсыз қазан қайнамас, анасыз бала ойнамас»
2. «Оты жанбағанның, қазаны қайнамас»
3. «Түнгі су - ну, күндізгі су – бу»
4. «Аузы күйген үрлеп ішеді»

Қорытынды:
ҮІІІ. «Оқжетпес – Бәйтерек»
«Бәйтеректің берер білімі» булану мен қайнау құбылыстарының сыртқы белгілері
(кестені толтыру)
Құбылыс Құбылыстың сыртқы белгілері Олардың өту шарттары Анықтамасы
Булану
Қайнау

«Бәйтерек - Сенек ауылы»
Есте болар жағдайлар: Әрбір саяхат орнына жеткен сайын сол жердің тарихы мен географиялық орналасуына тоқталып, мағлұмат беріп отыру.
Бағалау.
Үйге тапсырма. § 18. ЕЖ №306 есеп. Ереже жаттау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама