Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қысым тарауын қайталау (7 сынып)
Қысым тарауын қайталау – 7 сынып.

Сабақтың аты: «Кітап – рухани байлықтың көзі»
Б. Бегеніш «Сәйгүліктер мекені»
С. Демеубай «Жалындап өткен жас ғұмыр»
А. Өтегенов «Мұнай жайлы сыр»
Ө. Озғанбай, Б. Бегеніш « Адай жылқысын түлеткендер»
С. Демеубай, С. Бердияров «Сырым туралы сырлар»
А. Жүнібеков « Аманқостан қалған аманат»
Ө. Озғанбаев «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер»
Сабақтың тақырыбы: Қысым тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қысым тарауын қайталай отырып, тарау бойынша білім деңгейін жетілдіру.
Дамытушылық: Кітаптардың ішіндегі шығармаларды сабаққа арқау етіп алып, физика пәні мен әдебиет пәнінің арасындағы сабақтастықты айқындай
отырып дамыту.
Тәрбиелілік: Жергілікті ақын – жазушылардың кітаптарынан сыр шерте келе, рухани байлықтың жолына жетелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жергілікті ақын - жазушылардың кітаптары, СТО әдісі, кестелер, таратпалар, т. б

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгешелеу, әр бөлімдегі тапсырмаларды орындау барысында жергілікті ақын - жазушыларымызбен, олардың шығармаларының мақсатынан мағлұмат ала отырып, тарауды толық қайталайтын боламыз.

ІІ. Б. Бегеніш. «Сәйгүліктер мекені»
Өлеңім - шабытымның шалқар шыңы,
Сырласқан кейбіреудің айтар мұңы.
Туған жер, туған елім сырласымдай,
Оқыса, өлеңімнен байқар мұны.- деп жырлаған ардагер ұстаз, айтулы ақын Бесінбай ағайымыздың әдебиетімізден алар тұлғалық орны ерекше. (ақынның өмірбаяны мен кітаптың шығу тарихына тоқталу).
«Суреттер сөйлейді» ( интерактивті тақтадан көрсетілген Архимед, Торричелли, Паскаль сынды тұлғалардың қысым тарауына қосқан үлестері мен жаңалықтары туралы сұрау)

ІІІ. С. Демеубай. «Жалындап өткен жас ғұмыр»(Ж. Мыңбаев туралы жазылған кітап туралы мағлұмат беру)
Арбакеш балық тасыған
Теңіз бойын жағалап,
Еңбегін оның жасынан
Көрмеген ешкім бағалап.- берілетін сұрақтар теңізге қатысты болмақ
«Ой қозғау»
1 -------- кеменің суға бататын тереңдігі не деп аталады?
2 ---------- рұқсат етілген кеменің қызыл сызығы
3 ------------ теңіз суы мен таза судың тығыздығында айырмашылық бар?
4 -------------- сұйықтың тығыздығын өлшейтін құрал
5 ---------------- қалыпты атмосфералық қысым неге тең?
6 ----------------- сұйық бағанының биіктігі мен тығыздығына байланысты қысым формуласы
7 ---------------------- атмосфералық қысымды өлшейтін құрал не деп аталады?

ІҮ. А. Өтегенов «Мұнай жайлы сыр»( С. Қырымқұлов туралы жазылған естеліктерге тоқталу)
Ырғалады, качалка ырғалады,
Ырғалады, бір нәзік сыр қалады.
Жер астында жасырып тұрған мұнай
Жүрегімнің жасырын тұнған әні – «Еңбекқорлыққа тәрбиелер есептер»
1. Деңгейі түбінен 10 м биіктікте болатын ыдыстағы мұнай ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді?
2. Ауданы 2 м2 болатын гидравликалық машинаның поршеніне 800 Н күш әсер етеді. Осы машинаның ауданы 8 м 2болатын үлкен поршеніне қандай күш әрекет етеді?

Ү. Ө. Озғанбай, Б. Бегеніш « Адай жылқысын түлеткендер»( Адай жылқысы туралы деректерге тоқталып, тәрбиелік мағынасы түсіндіріп, патриоттық сезімді ояту.)
Сергіту:«Адай» күйін Мұрат, Ұлықпан, Мейрамбектің орындауында интерактивті тақтадан жазбасын көрсете отырып, оқушыларды серпілтіп, сергітіп алу.
ҮІ. С. Демеубай, С. Бердияров «Сырым туралы сырлар»( ауылымыздың ардақты азаматы Сырым туралы сырларды бала бойына сіңіру.)
«Өмір дегеніміз - өнер, өнер дегеніміз - өмір. Жақсы адамның ғұмырнама – сапарын салиқалы қаламгер жүрегіне салып толғаса - өнегелі өмір айнасы көрінеді...»
«Сырға толы кестелер» кестемен жұмыс( батады, қалқиды, жүзеді)
Сурет Ереже Формула

ҮІІ. А. Жүнібеков. «Аманқостан қалған аманат»
«Әр мүшелдің лайықты сөзі бар, айшықталар кезі бар» - деп Аманқос ағамыз адам өмірін айшықтаса, сіздер де биыл бірінші мүшелдеріңізді толтырып отырсыздар! Олай болса, сізер де өздеріңізді біліммен айшықтай түсіңіздер.
«Эссе жазу»- қалаған суреттеріңізге қысым тақырыбын кірістіре отырып эссе жазыңыздар

ҮІІІ. «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер» Ө. Озғанбаев туралы
Сөйлейді өзің жайлы өлең бүгін,
Сөйлетпей қоймас сенің кемелдігің.
Өзіңе жұртты тартып тұрады ғой,
Кеңдігің, биіктігің, тереңдігің.- деп Өмірзақ атамыздың өмір тарихы мен салиқалы жолдары арқылы көпшілікті тәрбиелей отырып, ой салады.
«Ойлан, тап, жаз!» (семантикалық карта)
№ өлшем
бірлік
физ. шама
кг
м3
кг/м3
Па
Н
м2
1 Қысым
2 Масса
3 Тығыздық
4 Архимед. күші
5 Көлем
6 Аудан

Рухани бай, адамгершілігі мол азамат болайық!- бағалау.
Үйге тапсырма. Қысым тарауын қайталау, есептер шығару.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама