Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қазақ тілі мен әдебиетті оқытуда диалогтік қарым - қатынастың тиімділігі
Қазақ тілі мен әдебиетті оқытуда диалогтік қарым - қатынастың тиімділігі

«Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді»
(А. Дистверг)

Қазіргі заман талабына сай білім ордаларында оқушыларға тиімді сабақ барысын ұйымдастыра білетін жаңашыл ұстаз болу – барша мұғалімдердің басты мақсаты деп білемін. Сабақ қызықты да мазмұнды болып өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Егер де мұғалім күнделікті өтілетін сабағын өз дәрежесінде өткісі келсе, жаңа заманның талабына сай инновациялық әдіс - тәсілдерді кеңінен тиімді қолдана алуы шарт. Сонда ғана оқушы сапалы білім алып, өз бетімен ізденіп, диалогтік қарым - қатынас арқылы өзін - өзі реттеп, сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді де білімді тұлға қалыптасып шығады.

Оқушыларға сыни тұрғысынан ойлануына сұрақтар мен тапсырмалар бергенімде, бір - бірлеріне өз пікірлерін білдіріп, ынтымақтастықпен бір - бірін тыңдап, дұрыс шешім қабылдап, өздерінің алға қойған мақсатына қалай жету керектігін түсініп, үлгермеуші оқушылар өздерінің білмеген жерлерін келесі оқушы арқылы біліп отыратыны байқалды.

Тақырыптың өзектілігі:
1. Мектептегі дәстүрлі сабақтардың балаларды жалықтыруы;
2. Оқушылардың тіл байлықтарының төмендігінен ойларын анық жеткізе алмауы;
3. Қазіргі техника заманы дамыған кезеңде, оқушылар интернетті пайдалана білгенімен, жұппен, топпен жұмыс істей алмауы;

Мақсаты:
А) Оқушылардың сабақта диалогтік қарым - қатынасты орната отырып білім сапасының артуы мен ойлау қабілеттерінің даму жолдарын анықтау;
В) Әр түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың диалогтік қарым - қатынасын орнатып, білімге деген құштарлығын, ізденімпаздық қабілеттерін, тіл байлығын, ой - өрісін, ынтасын дамыту;

Міндеттері:
А) Диалог арқылы оқытуда сыни көзқарасы қалыптасқан, терең ойлы, сөзге шешен тұлғаны қалыптастыру;
В) Кез - келген жерде диалогтік қарым - қатынасты орнатып, өз ойын еркін жеткізе алатын және алған білімін алдағы уақытта пайдаланатын білімді, парасатты, алғыр, Отанды сүйе білетін оқушыны тәрбиелеу;
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында диалог арқылы оқытудың басты ерекшеліктеріне, қолданылу жолдарына тоқталмақпын. Бұрынғы өткізіліп жүрген дәстүрлі сабақтар мен қазіргі жаңа әдістердің негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі айырмашылықтарды байқадым.
Дәстүрлі сабақ барысында:

Мұғалімнің әдістері.
1. Жаңа тақырып бойынша ақын - жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып түсіндіреді, шығармадағы кейіпкерлерді талдайды.
2. Оқушылармен бірге шығарманың идеясын анықтайды.
3. Қазақ тілі бойынша ережелерді түсіндіреді.
4. Мұғалім көп сөйлеп, оқушы аз сөйлейді.
5. Оқушы өзінің ойын еркін жеткізе алмайды.
Диалог арқылы оқыту әдісі бойынша өткізілген сабақтардағы
өзгерістер мен нәтижесі.
1. Оқушылар өзара сұхбаттасады, ойын дамытып келесі оқушымен ой бөліседі. Мұғалім мен оқушы арасында көпірше орнатылады.
2. Оқушы өзінің ойын жинақтап, тұжырымдай алады, білімі жоғарылайды. Әдеби шығармадағы кейіпкерлерді талдап, сөздік қорлары молаяды.
3. Оқушының сөйлеу шеберлігі мен мәдениеті, ізденімпаздылығы, топта өзін ұстау қабілеті жақсарады.
4. Білімге деген көзқарасы қалыптасып, қызығушылығы мен талпынысы артады. Топта сыныптастарын бар назарымен тыңдап, өзінің жауабымен салыстыра отырып түйінді ой немесе пікір айтуға дағдыланады.
5. Диалог арқылы оқушылар бір - бірлерінен үйренуіне жағдай жасалады. Мұғалім аз сөйлеп, оқушы өз ойын еркін жеткізеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама