Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Мәдениеттану
Тақырыбы: Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері.
Мақсаты: Халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі - қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт - дәстүрлерді бойларына сіңіру.
Міндеті:
Білімділік: Қазақ халқының әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрлері туралы баяндап маңызын көрсету.
Дамытушылық: Ой - өрісін кеңейту, дүниетанымын, этика - эстетикалық талғамдарын, ойлау қабілеттерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жан - жақты білімді болуға, салт - дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, қонақжайлылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, слайд.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, баяндау,

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, оқу – құралдарының толықтығын, сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Білімді қабылдауға даярлау.
Жаңа сабақтың тақырыбын жазғызып, мақсат – міндеттерімен таныстыру.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.

Ой қозғау.
1. Салт - дәстүр дегенді қалай түсінеміз?
2. Әдет - ғұрып дегенді қалай түсінеміз?
Дәстүр - латынша жапсыру, жалғастыру - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отыратын әдет - ғұрыптар, салт - сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез - құлық қалыптары және өнегелі өнер болып табылады.
Әдет - ғұрып - дәстүрге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ тәртіп салт - сана.
Қандай халықтың болмасын салт - дәстүрлері сол халықтың мінез - құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы: қазақтарға тән бауырмал, ақжарқын, қонақжай мінез. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әр халықта әр қырынан көрініс береді. Сонымен ұлттардың салт - дәстүріндегі мінездері мен қасиеттері бір - біріне ұқсап, бірін - бірі толықтырады.
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарым - қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

Қазақ халқының салт - дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты, ұрпақтан - ұрпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай, жаңадан еніп те жатыр.
Салт - дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс - салт және әлеуметтік - мәдени салт - дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама