Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі
Сабақ жоспары
Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі.
Мақсаты: Жоңғар империясының тарихымен таныстыру, қазақ жеріне шапқыншылығы мен оның ауыр зардаптарын көрсетіп, басқыншыларға қарсы халықтар күресі туралы түсінік беру.
Міндеті:
Білімділік: Жоңғарлардың басқыншылық соғыстарына назар аударып, қазақ халқының өз тәуелсіздігін, дербестігін сақтап қалу жолындағы күресінің тарихи маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық жұмысының нәтижесін көрсете отырып, ғылыми еңбектерді оқуға, ізденіске дағдыландыру, өз бетінше жұмыс жүргізе отырып, ой – өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жан - жақты білімді болуға, жергілікті тұлғаларды тануға, өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Тақырыпқа байланысты бейнефильм, портреттер, трек сызбалар, үнтаспада жазылған «Елім - ай» әні, слайд.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ түрі: Зерттеу сабағы.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, баяндау, зерттеу.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, ән – әуез пәні, әдебиет.

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, оқу – құралдарының толықтығын,
сабаққа дайындығын қадағалау.

ІІ. Білімді қабылдауға даярлау.
Қызығушылықты ояту: «Жау жүрек мың бала» фильмінен бейнесюжет көрсетіледі. Бейнесюжет арқылы тақырыпты ашу. Осы бейне материалға сүйене отырып, бүгінгі өтетін тақырыпқа болжам жасау. (Оқушылар бүгінгі сабақта ашылатын тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады)

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
Сабақтың жоспары:
1. Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.
2. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. Батырлар рөлі.
3. Жоңғар мемлекетінің күйреуі.

• 1) Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.
(Сызба бойынша мұғалім оқушыларға сабақты түсіндіреді)
Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы

Жоңғар хандығының құрылуы
Аягөз шайқасы
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама
Аңырақай шайқасы
1. Лекция материалдары гиперссылка арқылы ашылып отырады.
2. Карта қолданылады.

• 2) Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. Батырлар рөлі.
(Мұғалім қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресін баяндап болған соң, оқушылардың Жетісу өңірінен шыққан қазақ батырлары туралы ізденіс жұмысының қорғалуы.)
1. Мұғалімнің қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресін баяндауы.
2. Оқушылардың алдын ала берілген тапсырмалар бойынша Жетісу өңірінің жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлар жайлы зерттеуі.
Жетісу өңірінен шыққан қазақ батырлары

Қарасай батыр
Райымбек батыр
Сатай батыр
Бөлек батыр
Сәмен батыр

• 3) Жоңғар мемлекетінің күйреуі.
Мұғалімнің сызба арқылы түсіндіруі.
1740 жылы Жоңғарияның өз ішінде билік үшін күрес туды.
1745 жылы қазақ пен жоңғар арасындағы соғыс.
1750 жылы Жоңғарлар мен қазақтар арасындағы ақырғы шайқас.
1758 жылы Қытай империясы түбегейлі жеңіп, Жоңғар империясы құлады

ІV. Жаңа білімді меңгеруін тексеру.
Блиц – турнир. Жылдар сөйлейді:
1718 ж -
1635 ж –
1710 - 1711 жж -
1456 ж –
1723 ж –

V. Жаңа білімді бекіту.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама