Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Қазақ халқының мәдениеті
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының мәдениеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ХҮІ – ХҮІІ ғасырлардағы қазақ халқының даму деңгейімен, олардың тұрмыс тіршілігіндегі, салт - дәстүріндегі ерекшеліктерімен таныстыру.
Дамытушылық: Ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын оята отырып, оқушылардың бойында ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достық пен татулыққа тәрбиелеу, ел тарихы мен мәдени мұраларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: карта, тірек сызбалары, интерактивті тақта, слайд
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет

1 - топ "Хандар" Сәйкестендіру тесті.
1. Қазақтар мен жоңғарлар арасында ----------- үш рет қарулы шайқастар болды
2. Қазақ халқы оның жоңғарларға
қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін -------- Салқам Жәңгір атады
3. Жоңғар әскерінің ту сыртынан
шабуыл жасап шегінуге мәжбүр етті ------------- Жалаңтөс батыр
4. Хандық таққа Тәуке хан отырғанда ------------ елдің ішкі және сыртқы
жағдайы өте шиеленісіп тұрды
5. Қазақ жүздері --------- Ұлы ханға бағынбау үрдісін ұстанды
6. Тәуке ханның алдына қойған мақсаты ---------- ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салды
7. Қазақ хандығы орыс мемлекетімен экономикалық және ---------- саяси дипломатиялық байланыс орнатуға тырысты
8. Ресей болса қазақ хандығын --------- Көшімге қарсы қоюға тырысты.

3 - топ "Батырлар" Тарихи диктант.
Жоңғар шабуылы қазақ халқының тарихында “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама ” жылдары деп аталып кетті. 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасында жоңғар әскерлеріне күйрете соққы берді. 1729 жылы Аңырақай маңында жоңғарлар екінші рет жеңіліске ұшырады.
Сібір хандығының астанасы Искер қаласы. Сібір атауы “сыпыра“ этникалық тобының атауынан шыққан. Шоқан Уалиханов та Көшім қырғыз (қазақ) сұлтаны болған деген пікірді айтады.
Көшім 1555 жылы қазақтар мен ноғайлардың жасақтарын басқарып, Сібір жұртын билеп тұрған тайбұға руымен ұзақ ұрыс жүргізеді. Әлемдік саудада жоғары бағаланатын бағалы аң терілері мен қыран құстар Сібірдің басты қазынасы еді. Бұл аймаққа Бұхар, Хиуа, Қырым, Грузия елдердің сауда керуендері ағылып келіп жатты. Осындай байлыққа қызыққан Ресей Сібірді жаулап алуға ұмтылды.
Көшім Сібірдің ханы болған кезден бастап Батыс Сібірдің жергілікті халқына ислам дінін тарата бастады. Көшім жасақтарының ең осал жері - дәрімен атылатын қарудың жоқтығы еді. Сібірдің байырғы халқы Ресейдің оңай олжасына айналды.

Пән мұғалімі: Садуова Ж. Қ.

Қазақ халқының мәдениеті. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама