Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Жоба тақырыбы: PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

Уланса ауа
Уланамыз бәріміз
Уланса су
Уланатын тағы біз
Уланса жер
Уланады өсімдік
Уланса мал
У тарайды бізге де
Улы затпен күреспейміз
біз неге?

Мақсаты:
Оқушыларға экология ұғымын түсіндіре отырып, Қазақстандағы және әлемдік экологиялық проблемалар туралы мағлұмат беру
PISA тапсырмаларын кіріктіре отырып, оқушылардың алынған білімдерін күнделікті өмірлік мақсаттарда қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:
1. РISA тапсырмаларының негізінде экологиялық мәселелерді шешуге үйрету;
2. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту;
3. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

Өзектілігі:
1. Еліміздің экологиялық дамуына үлес қосатын білімді де, мәдениетті, парасатты адам тәрбиелеп шығару
2. РISA логикалық тапсырмалар беру арқылы танымдық белсенділігін, ойлау, қарым - қатынас жасау, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылардың ой өрісі қалыптасады.
2. Өзін еркін ұстайды, сөйлеу қабілеттері артады.
3. Экологиялық проблемаларды шешуде алған білімдерін пайдалана біледі.

Жоспары:
І. Топқа бөлу
ІІ. Ой қозғау
ІІІ. Миға шабуыл
ІҮ. «ФИШБОУН» стратегиясы
Ү. Қорытынды журнал

Топқа бөлу
І топ “Жерұйық”
ІІ топ “Зерде”
ІІІ топ “Өркен”

І топ. Ой қозғау
ІІІ топ. Экология ғылымының негізгі мақсаты неде?
ІІ топ. “Экология” ғылымы нені зерттейді?

Миға шабуыл
І топ Қазақстандағы экологиялық проблемаларды атап шығындар
ІІ топ Әлемдік экологиялық проблемаларды атап шығындар
ІІІ топ Экологиялық проблемаларды шешу жолдары

География пәні мұғалімі: Н. Мұсанова

PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама