Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақ халқының қолданбалы өнері
Қазақ халқының қолданбалы өнерінің түрлері
Сабақтың мақсаты: Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік беру
Міндеттері: білімділігі: өз бетімен меңгерген білімін тереңдете түсу
Тәрбиелілігі: ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: өнер мен уақыт саясатын ұштастыруға машықтау.
Көрнекіліктер: Қазақтың ұлттық бұйымдары, қоржын, тұскиіз, топтастыру қағазы, бағалау парағы, фишкалар.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгіме.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1 - 2 мин түгелдеу
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері: киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан. Зергерлік бұйымдар: сырға, білезік, сақина, бойтұмар. Қазақ халқы «Өнер - өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші өнер өмірмен бірге ұштасып келеді.

1. Төсеніш бұйымдары. Тұскиіз - сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Тұскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т. б. маталардан бетіне ою - өрнектер тігіледі. Текемет - бетіне түрлі түсті ою - өрнек басылған киіз. Оның бетіне жүнді бояп, ою - өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады. Сырмақ - киізден сырып оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып жасайды. Қоржын - өрмек құрып тоқылатын бұйым. Ұзындығы 120 см, ені 50 см болады. Ердің артына бөктеріп жүру үшін екі басты етіп жасалған қапшық. Аяққап – ыдыс - аяқ салуға арналған қапшық. Ол көбінесе киізден жасалады. Алаша - әр түрлі жүннен немесе түрлі түске боялған мақта мен жүннен тоқылған төсеніш. Алаша терме және қақпа алаша деп екіге бөлінеді. Төсеніш ретінде қолданады. Тұтқыш - ас пісіретін қазанды оттан көтеріп түсіргенде қолды күйдірмеу, қазанның күйесін қолға жұқтырмау үшін киізден жасалған екі қолғап. Оның ұзын етіп жасалған бауы болады.

2. Ағаштан жасалған бұйымдар. Сандық киім кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым. Кебеже ағаштан жасалған әшекейлі сандық. Оған тамақ, ыдыс - аяқ салып сақтаған. Адалбақан - төрде тұратын киім ілетін өрнектелген бұтақты, не бұтақтарын қолдан жасаған сырық.

3. Зергерлік бұйымдар. Білезік - білекке салынатын сәнді зат. Сырға – әйелдердің құлаққа салынатын сәнді зат, алтын, күмістен, асыл тастардан жасалған. Алқа – алтын, күміс, маржанмен әшекейленген омырауша, өңір, өңірше.
Демек қазақ халқының қолөнер бұйымдарының түрлері өте көп. Олардың шығу тарихы алуан түрлі. Міне осындай өнеріміз «Өнер - өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, өмірмен бірге ұштасып келеді. Енді біз «Бақытты сәт» ойыны (оқыта үйрету ойындары)(модульдік технология бойынша)

Құрал жабдығы:
1. Шарлар салынған қапшық немесе кішкене бөшке.
2. Секундомер (сағат)
3. Ортақ бағалау парағы ( қосымша)
4. Фишкалар
5. Үй тапсырмасы ( әр команда екі сұрақтан)
6. Конкурс тапсырмалары
7. Жауап үлгілері
Ойынның жүру барысы.
Сынып 2 командаға бөлінеді, әр команданың өз капитаны және атауы болады.

І гейм «Бой сергіту» Командаларға 10 сұрақтан беріліп, оларды талдауға 5 минут бөлінеді. Команданың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады.
Сұрақтарға ең көп жауап берген команда ұтады.

ІІ гейм « Бөшкеден шыққан бас қатырғылар» Команда мүшелері бөшкеден (қапшықтан) нөмірлері бар шарлар алып шығады. Жүргізуші әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, команда капитандары жауап береді.

1. Аяққап дегеніміз не?
2. Қоржын дегеніміз не?
3. Тұтқыш дегеніміз не?
4. Түйе баласына байланысты ою? (ботагөз)
5. Магиялық ою қалай аталады? ( тұмарша)
6. Аққу оюы нені бейнелейді?
7. Еңбек туралы мақал айтып бер?
8. Өнер туралы мақал айтып бер?
9. Оқу - білім туралы мақал айтып бер?
10. Жансызда бір жансыз бар жалғыз аяқ

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№266 мектеп - лицейдің технология пәні мұғалімі
Ербасова Асылзат Бегімбайқызы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама