Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қош бол, сүйікті Әліппем
Қош бол, сүйікті Әліппем ертеңгілігі

Мақсаты: Оқушылардың Әліппе пәнін игеру барысында алған білімдерін тиянақтау, эстетикалық талғамдарын тереңдету, өзін - өзі басқаруы мен ана тілін, туған жерін, Отанын сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Түрі: Мерекелік ертеңгілік
Көрнекілігі: Суреттер. Слайдтар.

Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі ертеңгілігімізге Қош келдіңіздер! Бүгін қуанышты күн -«Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балаларыңыз білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін дей отырып ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз!

Мақсат: Алты жасар баласын,
Алпыста әжей жетектеп
Келе жатыр көшеде,
Қайда әлгі мектеп - деп
Алпыс келеді сүрініп,
Алты келеді жүгіріп.

Нөсер: Апар ана мектепке
Ата - аналық парызың.
Оқып білім аламын,
Мен оқушы боламын.

Бота: Асықпа әлі қарағым,
Санауға енді жарадың.
Жасын толсын алтыға
Сонда алып барамын.

Нөсер: Менің қарыс маңдайым,
Балаң болам талапты.
Тәртіп сақтап әрдайым,
Жақсы оқимын сабақты.

Бота: Айтқанымды шырағым,
Шығарма тек санаңнан.
Мектептегі мұғалім,
Кем болмайды анаңнан.

Нөсер: Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
(осы кезде барлық оқушы сахнаға шығады)

Ән «Ұстазым»

1 жүргізуші: Армысыздар аналар!
Бармысыздар балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз!

2 жүргізуші: Шашу – шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық!

1 жүргізуші: Әліппені меңгеріп,
Әріптерді таныған,
Құтты болсын тойымыз,
Біз білімді балдырған.

2 жүргізуші: Жақсы білім, көрімдік,
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане ортаға салайық!

С. Камила: Бірінші қыркүйек
Келдім мен гүл алып,
Алдымнан ұстазым
Қарсы алды қуанып.

Дарын: Қуантып мені ағалар,
Шақыртты осы мектепке!
Қараңдар міне, балалар
Келмеппін мұнда мен текке.

Бексұлтан: Мектебім қандай тамаша!
Жарқырап тұр жаңаша.
Ұстаздарым білікті
Ақтаймыз біз үмітті.

Ғизат: Ақыл, білім көп берер
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктеймін
Сенсің өмір көктемім.

Саят: Көріне бер биіктерден
Алтын ұя мектебім.
Шәкірттерің білімді боп,
Сенен өсіп көктесін.

Қыздарымыздың «Қазақ биін» қабыл алыңыздар!

1 жүргізуші Аяулым мен саған ертегі айтайын тыңдайсың ба?
2 жүргізуші Әрине, Тоқтар, құлағым сенде

1 жүргізуші «Ерте, ерте, ертеде, Ерте ме, әлде бүгін бе? Жақын ба, әлде алыс па? Беймәлім бе, таныс па, Бір ел болыпты. Бұл елдің адамдары бір – бірімен көк байрақтың астында тату - тәтті өмір сүріп, өніп - өсіпті. Елді бір кемеңгер хан басқарыпты. Оның талабы осы өркендеп жатқан елде бірде - бір бала білімсіз болмауын талап етіпті. Қанша уақыт өтері беймәлім 2030 жылы ел үлкен өркениетті, барлық ғылымды меңгерген беделді елге айналатынына кәміл сеніпті. Халқы осы ортақ арманға жетуі үшін барлық күш жігерін жұмсапты.
2 жүргізуші Тоқтар, бұл ертегің маған өте таныс. А - а таптым - таптым сен біздің еліміз Қазақстан туралы айтып тұрсың ғой я
1 жүргізуші Рас, бұл ертегі ел біздің тәуелсіз Қазақстанымыз. Аз уақыттың ішінде еліміз үлкен жетістіктерге жетіп, тез қарқынмен дамып келе жатыр.
Баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен құттықтаймыз!
1 жүргізуші Олай болса, осы мерейлі тойға тарту ретінде бір топ жігіттердің қазақ биін қабыл алыңыздар!

Қызылорда қаласы,
№140 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Жабикенова Салтанат Ануарбекқызы


Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама