Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл
Дөңгелек үстел
Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл

Модератор: Мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келер жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатынын және ол тарихи датаны айрықша атап өтетінімізді мәлімдеді. Бұл – қалың қазақты бір жасатып тастады.
Армысыздар бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған оқытушылар, студенттер. Бүгінгі тақырып - Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Осы ерекше датаның бүгінде мәні мен маңызы қандай? Дүбірлі той өз деңгейінде аталып өтуі үшін біз қандай үлес қоса аламыз? Міне осы сауалдар төңірегінде бүгін қызу талқылаулар болмақ. (слайд көрсетіліп отырылады).
1456 - шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян.«Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз пен ар - ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет болса керек - ті.

Баяндаманың тақырыбы: _________________________
Берілетін уақыт 5 - 7 минут.
Модератор: Баяндамаңызға көп рахмет. Тыңдаушылар тарапынан қойылатын сұрақтар бар ма? (ортаға тасталар сұрақтар)
 Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алды ма?
 Хандықтың құрылуының бүгінде маңызы қандай?

Модератор: Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Әрине, ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым - қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн.
Келесі кезекте осы тақырып төңірегінде мына бір шағын бейнежазбаны тамашаласақ. Бейнебаянды тамашалай отырып өз ойларыңызды да қорыта отырыңыздар. (№ 1бейнебаян көрсетіледі.)

Модератор: Бейнебаянды тамашаладық. Барлығының айтып жатқаны мерекені тойлау қажет. Бірақ қалай?
• Бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналған осы хандығымыздың 550 жылдығын сіздердің ойларыңызша қалай атап өткен жөн?
• Бұл айрықша датаға біз қандай үлесімізді қоса аламыз?
• Қандай шаралар атқарылғаны жөн?

Модератор: Министрік торқалы тойды Қазақ хандығы жайлы тарихи сериал түсірумен бастамақ. Бұдан бөлек, 550 жыл толған мемлекеттігіміздің тарихын әлемге паш ету мақсатында Мажарстанмен бірлескен «Алтайдан Дунайға дейін» деп аталатын халықаралық экспедиция ұйымдастырылып, неміс ғалымдарымен бірлескен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілетіні де мәлім болды. Сондай - ақ, Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдық мерейтойы республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық шаралар арқылы да ұлықталатындығын да білеміз.
Ендігі кезекте факультетіміздің жас ақындарын осынау дүбірлі тойға деген жыр шашуларын тыңдасақ деген ниетпен ортаға шақырамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама