Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Кішкене қыздың ерлігі
Тақырыбы: Кішкене қыздың ерлігі
МАҚСАТЫ: 1. Оқушылардың білім деңгейін кеңейту; сөйлеу тілін дамыту; тірек сөздер арқылы дұрыс сөйлемдер құруға дағдыландыру;
2. Ой өрісін кеңейту; өз ойын еркін жеткізе білуін, өзіндік жұмыс жасау, өзгелердің ойын, пікірін тыңдай білуге дағдыларын қалыптастыру;
3. Оқушыларды қиындықты жеңе білуге, ерлікке, отаншылдыққа баулу

ТАНЫМДЫҚ САБАҚ: СТО бағдарламасының стратегияларымен жүргізіледі: дөңгелек үстел, терминдермен болжау әдісі, әңгіме кестесі, болжау картасы, мәтінмен жұмыс, пікір айту
КӨРНЕЛІК: тірек суреттер, әңгіме кестесі, сөздік, бағалау парағы

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: Сынып үш топқа бөлініп отырады. Топ жетекшілері белгіленіп,
бағалау парағы таратылады.
І қадам ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ

Ой қозғау Мұғалім сөзі:
Біз бүгін батырлық, ерлік тақырыбына сөз қозғаймыз. Алдын ала тапсырма бойынша сендер сурет салып әңгіме жазуларың керек еді. Соның бірі: «Шын батыр ел үшін туады, ел үшін өледі. Олар біз үшін соғысып өлді. Біз оларды ешқашан ұмытпауымыз керек», деп жазыпты Дина Ұйқасбаева. «Маған Мәншүк Мәметова өте ұнайды. Ол өте батыл, намысты, тапқыр және икемді. Ол өзіне төнген қауіп қатерден қорықпады.» (Алинаның әңгімесінен)
Сұрақ: Басқа қандай іс әрекеттерді ерлік деп атар едік? (оқушылар жауаптарын тыңдау)

ІІ қадам ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
1. Бір парақ қағазға «Ерлік» тақырыбына сөйлемдер жазу. Оны сағат тілімен айналып, бір бірін қайталамай сөйлемдер жазу;
2. Сөйлемдерді оқу;
3. Іліп қою.

ІІІ қадам МАҒЫНАНЫ ТАНУ
Енді, балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Кішкене қыздың ерлігі» мәтіні. Дәптерлеріңді ашып күн ретін, тақырыпты жазып қойыңдар. Мәтінмен таныспастан бұрын мына берілген тірек сөздермен қысқа әңгіме құрастырып көріңдер.
ТЕРМИНДЕРМЕН БОЛЖАУ ӘДІСІ
1. 1941 - 1945 жылдар
2. Өрт – пожар
3. Кішкене қыз және оның інілері
4. Қос – шалаш
Уақыт 5 минут, 2 - 3 оқушының жазғандары тыңдалады.

МӘТІН «КІШКЕНЕ ҚЫЗДЫҢ ЕРЛІГІ»

Бұл оқиға екінші дүние жүзілік соғыстың бір ауыр жылында болып еді.
Колхозшылар көктем шығысымен егіс басына қос тікті. Осындай қостардың біріне күйеуі соғыста жүрген Күлән үш баласымен көшіп келді. Жеті жастағы Жібек кішкене інілеріне қарайтын. Шешесі жұмыста.
Бір күні Жібек қостың ішін сыпырып жатқанда, далада ойнап жүрген Нұржан:
- Жібек! Жібек! От! От!- деп жүгіріп келді...

Мәтін аяқталған жоқ. Алдарыңда болжау картасы жатыр. Соның І және ІІ бөлімдерін толтырыңдар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама