Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қазақшаңыз қалай? Өзге ұлт мұғалімдеріне өткізген байқаудың сценариі
Өзге ұлт мұғалімдеріне өткізген байқаудың сценариі

Тақырыбы: «Қазақшаңыз қалай?» атты мұғалімдер арасында сайыс.
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д. С. Кусаинова
Мақсаты: өзге ұлт өкілдерінің танымдық қабілеттерін, тіл байлықтарын,
сөйлеу шеберліктерін тексеру, дамыту. Нағыз тіл жанашырларын тандап алу.
Эпиграф: қандай да болсын халықтың
әдет - ғұрпын үйренгің келсе,
алдымен оның тілін үйрен. (Пифагор).
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, бүгін сіздердің назарларыңызға «қазақшаңыз қалай?» атты мұғалімдер арасында өтетін сайысымызды ұсынамыз. Бұл сайыс қазақ тілі апталығына арналды.

Уважаемые учителя, я рада вас приветствовать на конкурсе учителей, которое называется «как твой казахский?».

Жүргізуші: Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата - жолым салтым бар,
Кең даладай жиналмаған жан - жағы
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар.

У каждого языка своя судьба, связанная с языками других народов. И язык любой нации для нас бесценен.
1. 1 для того что бы отобрать конкурсантов, я хочу начать с викториной «айтарым бар...», которое состоит из 20 вопросов

1. Жыл мезгілдерің ата?
2. «нағашы» деген кім?
3. апта күндерің ата?
4. Қазақстанда неше облыс бар?
5. Елбасы кім?
6. «немере» деген кім?
7. ай атауларын ата?
8. Ел ордасы?
9. Оқушы, ұстаз, мектеп сөздерінің аудармасы?
10. «гүлдер» не істейді? Ұшады, өседі, қонады
11. «ата - ана» деген кім?
12. «жылқы»сөзін аудар
13. «көрші» деген кім?
14. қазақстанның қай облысында тұрамыз?
15. «Құда - қидағи» деген кімдер?
16. төлқұжат деген не?
17. «қарындас» сөзін аудар
18. Қазақстанның көне қаласы?
19. «сұлу» сөзіне синоним?
20. «мектеп бағдарламасы» тіркесін аудар?

Жүргізуші: Язык отцов - наследие святое,
Глубокий, острый, сильный, словно крик.
Своих детей заботливой рукою
К себе притянешь, мой родной язык!
Конкурс состоит из 6 туров. Каждый тур оценивается по 5 балльной шкале.

1. Таныстыру
2. «сөз тапқанға қолқа жоқ» атты (қазақша 10 сөз жазу)
3. «өлең сөздің патшасы» (өлеңді мәнерлеп оқу).
4. «сиқырлы сөйлем» сайысы (берілген сөздерден сөйлем құру)
5. «сен білесің бе?» (конвертте жасырылған сұрақтарға жауап беру)
6. «құлақтан кіріп, бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй» (ән айту)
Әділқазылар қатысушыларымыздың бағасын шығарып отырғанша, менің аудиторияға «сен білесің бе?» атты викорина жүргізгім келіп отыр. Сұрақтарға жауап бергендерге де кішкене сыйлығымыз бар.
1. Күй атасы кім? (Құрманғазы)
2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес)
3. Қазақ тілі алғашқы мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989ж)
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл)
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (Ахмет Байтұсынов)
6. Беташар қашан айтылалы? (келін түскенде)
7. Абайдың әжесі? (Зере)
8. Жақсы сөз (жарым ырыс)
9. Піл көтермегенді (тіл көтереді)
10. Дәлелсіз сөз (желмен тең).

Жүргізуші: Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте....
Құрметті ұстаздар осымен «қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Келіп, назар аударып қатысқандарыңызға мыңда бір алғыс!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама