Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған
Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған «Тапқыр достар» сайыс сабағы

Сабақтың мақсаты:
1. Өткен материалдарды жүйелеп, алған білімдерін қорытындылау.
2. Оқушылардың ой - танымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау логикасын дамыту.
3. Ойын арқылы оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа және Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу
Сабақтың эпиграфы:
Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл!
«... Тәуелсіздігіміз − халқымыздың ғасырлар бойы армандаған, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты. Біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу»
(Н. Ә. Назарбаев)

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Қазақстан туралы сұрақ - жауап.
3. Сабақтың мақсаты, жүру барысымен таныстыру.
4. Топ құрамымен таныстыру.
1 - топ ─ «Жалын»
2 - топ ─ «Жетіқарақшы»

Таныстыру (Әр топ тақпақтап өздерін таныстырады)

1. Сөз тапқанға...
Берілген сөздерден сөйлем құрастыру, артық сөзді табу:
Еліміздің, бір, жүзіне, тәуелсіздіктің, қабылданды, дүние, танылуы, мемлекет, белгісі.
Тәуелсіздіктің бір белгісі − еліміздің дүние жүзіне танылуы (қабылданды, мемлекет).
Шындық, болуының, мемлекет, негізі, мәртебе, тәуелсіз, басты, тілі, оның, ана.
Тәуелсіз мемлекет болуының басты негізі − оның ана тілі (шындық, мәртебе).

2. Ойлан, тап (Экранда көрінген суреттерге сәйкес мақалдар айту)
Суреттер: от, орман, отбасы, жуа.

3. Сен білесің бе? (Сандардың астындағы сұрақтарға жауап беру)
1 - топ сұрақтары:
- Қазақстанның астанасы болған қалаларды ата.
- Қазақстанның тәуелсіздігі үшін өткен халық көтерілісі қашан болды?
- Тәуке ханның тұсындағы заң жобасы қалай аталады?
- Қысқы Азиада ойыны Қазақстанда қашан өтті?
- Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? Қай жылы ғарышқа ұшты?
- Астананың символы не? Оның биіктігі қанша?

2 - топ сұрақтары:
- ЮНЕСКО - ның шешімімен қай қалаға «Бейбітшілік қаласы» атағы берілді?
- Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған ескерткіш қай қалада?
- Қазақстан жерімен өткен жол қалай аталады? Қайдан басталады?
- Үш жүздің басын қосып, біріктірген хан кім?
- Қазақстанда қандай ғарыш айлағы бар?
- Қазақ тілі қай жылы, қандай мәртебе алды?

3. Кім жылдам? (Берілген сөздерді оқымай, заттың атын айтпай түсіндіру керек, отырғандар не туралы екенін табу)
1 - топ сөздері: отан, мектеп, сабақ, дәрігер, кітапхана, қалам, театр, кабинет, сағат, көше.
2 - топ сөздері: мұғалім, асхана, кітап, стадион, сатушы, дәптер, саябақ дау, дүкен, қала.

4. Ойтолғау
1. Осы 20 жылдағы біздің жетістіктеріміз.
2. Қазақстанның болашағы жастардың қолында.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама