Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбарлы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ
Дайындаған мектеп кітапханашысы:
Бесенова Алтын Аубакировна

Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбарлы

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас

Әннің авторы: Шәмші Қалдаяқов
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады. (Ту, Елтаңба, Гимн)
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі. (Көк, сары)
3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты (Екі рет)
4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі (Жұлдыз)
5. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай (2: 1)

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл (1992 жыл)
2. Мемлекеттік рәміздер күні (4 маусым)
3. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс (Қыран бүркіт)
4. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар (Қанатты пырақ)
5. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды (Ел президентін ұлықтау рәсімінде)

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама