Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Табиғат білгірлері
ШҚО, Жарма ауданы,
Балықтыкөл негізгі мектебі
КММ Балықтыкөл негізгі мектебі
Абдильдинова Гүлжайнат Мырзаханқызы

Тақырыбы: «Табиғат білгірлері»
Мақсаты: Дүниетану пәнінен алған білімдерін тексеру, анықтау, қосымша білім беру;
Ойлау қабілеттерін, тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл – ойын дамыту;
Табиғатты аялай білуге үйрету.
Түрі: сайыс
Көрнекіліктер: суреттер, әріптер.

Барысы:
Ал қанеки қаралық,
Мына жақта жаналық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Білімнің еліне.
Дүниетану тілінде
Тапсырманы шешіп, жарысып
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық

Құрметті балалар, ұстаздар! Бүгін бізде дүниетану пәні апталығының қорытынды кеші «Табиғат білгірлері» атты сайысымызды бастаймыз.
Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Сайыс болған соң міндетті түрде әділ қазылар бағалайды. (Әділқазылармен таныстыру)
Сайысты бастамас бұрын топтарыңды таныстырып өтсеңдер.
І топ – «Алғырлар» «Білімдіге дүние жарық., білімсіздің күні кәріп»
ІІ топ – «Тапқырлар» - «Ақыл азбайды, білім тозбайды.»

І кезең «Бәйге»
І топ
Табиғатқа не жатады?
Ауаның температурасын өлшейтін құрал.
Қар жылдың қай мезгілінде жауады?
Көктемде ең бірінші жарғанат па, әлде бунақденелер шыға ма?
Ең кішкентай құс.
«Ақ алтын» (мақта)
Ұлудың тісі қай жерде орналасқан? (тілінде)
Екі ботаның аяқтары нешеу? (8)
Жауын-шашынның түрлерін атаңдар (жаңбыр, бұршақ, қар)
Конституцияның 7 – бабында «ҚР.... (мемлекеттік тіл – қазақ тілі)

ІІ топ
Табиғаттың тірі денелерін ата.
Айналадағы дүниеде неше тұс бар?
Жеміс – жидек қашан піседі?
«Қара алтын»
Ненің құлағы аяғында орналасқан? (шегірткенің)
Керіктің алдыңғы аяғы ұзын ба, әлде артқы аяғы ұзын ба? (бірдей)
Балықтар қайда өмір сүреді?
Табиғаттағы су неше күйде болады?
Өсімдіктердің 3 түрі
Конституцияның 27 бабында «Неке мен отбасы......(ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады)

ІІ кезең «Не? «Қандай?»
• Көздерін жұмып дорбаның ішінен жануарды (ойыншығын) алып шығып ол не және қандай? Сұрақтарына жауап береді. Алып шыққан жануарлар туралы қызықты деректер айту:
• Піл - төрт тізесі бар жалғыз аң,
• Зебра – қара жолақтары бар ақ аң.
• Иттің шынтағы бар.
• Жолбарыстың жүні ғана емес, терісі де жолақ.
• Жылқының сүйегі адамдікінен 18 – ге артық.
• Жердегі жануарлардың ішінде ең жүрегі үлкен және қан қысымы ең жоғары аң – керік
• Керіктің тілі - қап – қара.
• Мысықтың жақтары көлденең қозғалмайды

ІІІ кезең Полиглот
•...... майы жасыл түсті болады (қолтырауын – крокодил)
• қай құстар ұшып жүріп ұйықтайды екен (қарлығаш – ласточка)
•.... ешқашан ұйықтамайды (құмырсқа – муравей)
•.... қоректенбей 3 жыл ұйықтай алады (жылан – змея)
• Қу аң (түлкі – лиса)
• Орман санитары (қасқыр – волк)
• Қысқы ұйқыға жататын ірі жануар (аю – медведь)
• Мойыны ұзын (керік - жираф)
• Аң патшасы (арыстан - лев)
• Қорқақ жануар (қоян - заяц)

IV кезең «Кім жылдам?»
• Кестені кім бірінші толтырады сол жеңімпаз
Құстар
Жәндіктер
Балықтар
Бауырмен жорғалаушы
Сүтқоректілер

V кезең «Сөз құра»
ДҮНИЕТАНУ осы сөзден басқа сөздер құрастыру

VІ кезең «Ұйқасын тап»
Жағасында бұлақ, жайылып жүр.... лақ
Бата алмас түлкі, үсті тікен... кірпі
Алмастан таным, шабады..... құлын
Аппақ доп тауып, шақырады ақ..... тауық
Дамыл таппай бір мезет, жортумен жүр сұр..... көжек
Құйрығы он қарыс, бұл айбатты.... жолбарыс
Өзінше ноян, қорқақ кім... қоян
Айбат шегер алыстан, Аң патшасы.... арыстан

VІІ кезең «Суреттер сайысы»
Әр түрлі жануарлардың мүшелерінен құрастырып белгісіз, әлемде жоқ жануардың суретін салыңдар.
Осымен сайысымыз аяқталды. Әділқазылар ұпайларын санағанша қыздарымыздың орындауында ән тыңдаймыз.
Қорытындылау, марапаттау.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама