Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар
Сабақтың тақырыбы: § 51. Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға негізгі экологиялық проблемалардың түрлері, таралу аймақтары, таралу себептері жайлы түсіндіру. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру. Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, топпен жұмыс, тест сұрақтары,
кестемен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, слайдтар, кесте, Венн диаграммасы

Мақсаты
Оқушыларға негізгі экологиялық проблемалардың түрлері, таралу аймақтары, таралу себептері жайлы түсіндіру. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру. Жан - жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Міндеттері:
- Оқушылардың ой - өрісін дамыту
- Өзіндік жұмыс істеу қабілеттерін дамыту
- Логикалық ойлау қабілеттерін өсіру
- Картамен жұмыс істеу қабілеттерін асыру
Өзектілігі:
Оқушы үшін -
- Шығармашылық пен жұмыс істеу қабілеттері дамиды, ойын айта білу іскерлігі қалыптастасады.
- Ақыл - ойын жетіледі.
- Дербестік өз күшіне сенімділік және “жетістік” сезімі артады.
Мұғалім үшін
- Кәсіби әрекеттерінде өзінің тәжірибесі мен шығармашылық әлеуетін білім беру бағдарламалары және оның барысын жүзеге асыру үшін қолдану мүмкіндігі.
- Баланың тұлғалық дамуына және оның жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, басты құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық үдерістің жаңашылдығы мен тұтастығын қамтамасыз ету.

Сабақтың барысы:
І кезең. Қызығушылығын ояту.
а) Оқушылармен сәлемдесу 2 мин.
ә) Оқушыларды түгелдеу
Оқушыларға адам экологиясы, адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар туралы сұрақтар беріледі, түрлі - түсті қағаздар таратылады.
Сары түс – «Атмосфера» тобы
Көк түс – «Гидросфера» тобы
Жасыл түс –.«Бисфера» тобы,
Күлгін түс – «Литосфера» тобы болып топтарға бөлінеді.
Бағалау критерийлері: - 5, - 4, - 3
Әр тапсырманы орындап болғаннан кейін әр топқа жауабына қарай топтағы оқушылар бір – бірін бағалайды. Әр топтан бір оқушы бағалау парағына белгілеп отырады. Сабақ соңында есептеп қорытындысы шығарылады. б). Әр топқа сұрақтар беріледі 8 мин.

1 топқа:
Қазақстанның табиғи қорларын қандай топтарға ажыратады?
2 – топқа:
Табиғи қорларды тиімді пайдалануға өзің қандай үлес қоса аласың?
3 - топқа:
1. Тіршілік ететін ортасы адам денсаулығына қалай әсер етеді?
4 – топқа:
1. Өздерің тұратын жердің табиғаты адам өмірі үшін қолайлы ма? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
ІI кезең. Мағынаны таныту.

Оқушылар берілген тақырыпшаны оқи отырып, белгіленген тарауларға жұмыс барысында талдау жасайды.
Экологиялық проблемалар туралы мәлімет беру.

Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама